Қарағандыда
  • USD 386.70
  • EUR 427.15
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Құрметті қарағандылықтар!

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді еліміздің тарихындағы ең ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке қол жеткізген күнге 20 жыл толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Уақыт өлшемімен таразыласақ бұл кезең бір ғана белес болғанымен, тарихи тұрғыдан алғанда әр күні жылға, әр жылы санжылдықтардың жүгін арқалаған кезең болды десек қателеспеспіз. Осы жылдар аралығында еліміз әлемдік деңгейдегі озық мемлекеттер қатарындағы лайықты орынын айшықтап қана қоймай, көшбасшы елдер қатарынан көріне білді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нақтылаған «Қазақстан - 2030» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Осы уақыт аралығындағы мемлекетіміздің басты ұстанымы – халқымыздың әл-ауқатын жақсартып, экономикалық-саяси саладағы ілгерлеушілікке қол жеткізу және азаттықтың мән-мағынасын нақты іспен толықтырып бекіте түсу десек, бұл бағытта аймағымыз бен облыс орталығында қолға алынып, жүзеге асырылған шаралар нәтижесін жұртшылық жақсы біледі. Сан ғасырлар бойы аңсаған қазақ халқының асқаралы арманының орындалып, игі тілегінің іске асқан күнін толайым табыстармен қарсы алып отырған еліміздің ортақ жетістігіне қарағандылықтардың да қосып отырған үлесі ерекше. Ілкімді шараларды іске асыруға ынтымақ-бірлігі жарасқан ордалы қаламыздағы әр ұлт өкілдерінің ортақ мүдде жолында бірлесе еңбек етуі негіз қалап отырғаны айқын.

Сіздерді алты алаштың айбынын асқақтатқан, ежелден ата-бабаларымыз аңсаған арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген еліміздің басты мерекесі – Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын!

Қарағанды қаласының әкімі Б.Әбдішев

Қалалық мәслихаттың хатшысы Қ.Оспанов

\"\"

Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина