Қарағандыда
  • USD 412.10
  • EUR 454.34
  • RUB 5.82
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қарағанды қаласы әкімінің 2020 жылғы есеп беру кездесуін өткізу барысында халықтан түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспарының орындалуы

Қарағанды қаласы әкімінің 2020 жылғы  есеп беру кездесуін өткізу барысында халықтан түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспарының орындалуы

 

Айтылған ескертулер/ ұсыныстар  (автор, мекенжайы)

Ескертулерді /   ұсыныстарды іске асыру бойынша шаралар

Орындалу мерзімі

Жауапты

тұлғалар

Орындалу барысы

1

Иванов Дмитрий Иванович

Язев көш., 15 үй

Язев көш., балаларға арналған ойын алаңын орнату туралы

30.09.202ж. дейін

Рыстин Н.Б.

Язев көшесі 15 үйдің аула аумағы 2018 жылы абаттандырылған. Ағымдағы жылы аталған аулада шағын сәулет нысандарын орнату жоспарланды.

2

Пак Галина Сергеевна

Н. Әбдіров даңғ., 17 үй

 

Ыстық суды мамыр айынан бастап жылыту маусымы басталғанға дейін өшіру мәселесі бойынша

31.12.2020ж. дейін

Оспанов С.Т.

Дюсембеков А.С.

       Қарағанды қаласында жазғы маусымда ыстық сумен қамтамасыз ету жылыту құбырларымен бірге іске асырылады.

        Жылыту маусымына дайындалу жоспарына сәйкес «Теплотранзит Караганда» ЖШС жыл сайын қаланың жылу желілеріндегі қысымды арттыру арқылы гидравликалық тығыздыққа және механикалық төзімділікке сынақ жүргізеді, сондықтан ыстық сумен жабдықтаудың сапасы уақытша төмендейді немесе сынақты өткізу аяқталғанға дейін тоқтатылады, сынақ аяқталғаннан кейін ыстық сумен жабдықтау қалпына келтіріледі.

         Ағымдағы жылы «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде №5а сорғы станциясынан бастап М10 жылу магистралін қайта құру жоспарланған, осыған байланысты Оңтүстік-Шығыс аумағына ыстық су жіберу жартылай тоқтатылатын болады, ол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қалпына келтірілетін болады.

 

3

Азаматтық кеңес.

Халық Тілеубек

ЕТЖЖ түзету мәселесі бойынша

31.12.2020ж дейін

Шалабеков Ж.Р.

Жусупова Ш.М.

        Ағымдағы жылы егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына өзгерістер енгізу бойынша жобалар әзірлеуге бюджеттік қаражат бөлінді.

        Қазіргі күні егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

         Жеңімпаздармен шарттар жасалғаннан кейін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына одан әрі өзгерістер енгізу перспективалары қарастырылатын болады.

4

Марина Васильевна, Құрылысшылар даңғ., - Язев көш.,

Жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалау мәселесі бойынша

20.02.2020ж дейін

Оспанов С.Т.

Дюсембеков А.С.

         «Тазалық Эксперт» ЖШС мердігер ұйымымен Құрылысшылар даңғ., - Язев көш., бойынша жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалау жөніндегі жұмыстар жүргізілді.

5

Шутова Таисия Петровна, қоғамдық қайраткер

Жеке меншік секторын қардан тазарту бойынша

25.03.2020ж дейін

Оспанов С.Т.

Дюсембеков А.С.

        Пичугин көш., бойындағы жеке меншік секторындағы үйлерді су басуды болдырмау мақсатында «Тазалық Эксперт» ЖШС мердігер ұйымымен а.ж. 12 наурыздан бастап 15 наурыз аралығында Бакинская көш., және Пичугин көш., автомобиль жолы бойындағы қарларды шығару жөніндегі жұмыстар жүргізілді.

Бұдан басқа, жеке меншіктің 90 көшесіндегі қарды шығару жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Жалпы алғанда 185 400 м3 қар шығарылды.

6.

Карибай Н.

Октябрь ауданының атауын өзгерту туралы

31.12.2020ж дейін

Бикенов Н.Р.

Рыстин Н.Б.

        Ағымдағы жылы халық санағын өткізуге байланысты, көшелерді және аудандарды қайта атау жөніндегі барлық жұмыстар 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды.

7.

Нурай ПИК Академическая, 9/2

Ермеков көш., 114/1 балаларға арналған ойын алаңын орнату бойынша

30.09.2020ж дейін

Оспанов С.Т.

Рыстин Н.Б.

        2015 жылы Ермеков көш., 114/1 бойынша аула амуағы абаттандырылған. Шағын сәулет нысандары, футбол алаңы орнатылған, аула бөліктеріне жарықтандыру және асфальттау жұмыстары жүргізілді.

8.

Рябихина Лариса Николаевна

Серов көш., 58 үй тұрғыны

Сұрыптау саябағындағы стелланы тиісті қалпына келтіру және Ұлы Жеңіске арналған ескерткіш орнату мәселесі бойынша

30.06.2020ж дейін

Кожухов М.М.

Оспанов С.Т.

Дюсембеков А.С.

       Теміржолшылар Мәдениет үйінің саябағында ҰОС Жеңісінің құрметіне стелла орнатылған.

       2019 жылы стелланың жан-жағына тас төсеу жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы стелланың өзіне абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сұрыптау саябағындағы Ұлы Жеңістің 75 жылдық құрметіне жасыл көшеттер отырғызу бойынша акциялар өткізу туралы

        Теміржолшылар Мәдениет үйі саябағының аумағында көктемгі маусымда ағаштар отырғызу жоспарланған.

Жеке меншік секторынан қарларды және ТҚҚ шығару мәселесі бойынша

Сұрыптау кентіндегі жеке меншік секторынан ТҚҚ шығаруды бекітілген кестеге сәйкес «Ресайклинг ТК» ЖШС іске асырады. Жеке меншік сектор үйлерінде су басуды болдырмау мақсатында мердігер ұйыммен жеке меншік секторынан қарларды шығару жөніндегі жұмыстар жүргізілді.

«Қарағанды Су» ЖШС жүргізген жұмыстардан кейін қазылған орындарды қалпына келтіру мәселесі бойынша

Серов көш., 58 мекенжайы бойынша «Қарағанды Су» ЖШС қазу жөніндегі жұмыстар жүргізілмеген. Апат жұмыстарынан кейінгі қазылған орындарды қалпына келтіру мәселесі бақылауға алынды.

9.

Есенжолова Жанат Сұрыптау кентінің тұрғыны

 

Мәметова көш., 76 үй мекенжайы бойынша аула жарықтарының және орындықтардың болмау мәселесі бойынша

Кожухов М.М.

 

         Аталған аула ағымдағы жылы аула жарықтарын және орындықтарын қалпына келтіру жұмыстарының тізіліміне енгізілген.

10.

Мансур Ермаганбетович  Мәметова көш., 93 үй, 38 пәтер

 

Сұрыптау кентіндегі базар қызметі мәселесі бойынша

Кожухов М.М.

Мукеева Р.Т.

Рахымбаев А.Ж.

     Сұрыптау аумағында азық-түлік өнімдерін сатуды іске асыру үшін санитарлық талаптарға және нормаларға сәйкес келетін бос орындардың болмауына байланысты жәрмеңкелер үйымдастыру және өткізу мүмкін емес. Сонымен бірге, қаланың Октябрь аудынындағы «Ғасыр» коммуналдық базарының аумағында апта сайын сенбі күндері ет-сүт және көкөніс өнімдері төмен нарық бағасымен сатылатын шағын-жәрмеңкелер өткізіледі.

9.

Есенжолова Жанат Сұрыптау кентінің тұрғыны

 

Мәметова көш., 76-78 үйлер (Теміржолшылар МҮ дейінгі жолдан бастап) мекенжайы бойынша «Қарағанды Су» ЖШС жөндеу жұмыстарынан кейін қазылған орындарды қалпына келтіру мәселесі бойынша

31.06.2020ж дейін

Оспанов С.Т.

Дюсембеков А.С.

Көктемгі-жазғы маусымдағы қолайлы ауа райы кезінде «Қарағанды Су» ЖШС қазылған орындарды абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

11.

12.

Мануильский көш., 16 үй тұрғыны

Абайдинов  Кайрат

Саялы көш., 122 үй (Жұмысшы кенті).

 

Мануильский көш., орналасқан төрт тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу мәселесі бойынша

31.12.2020ж дейін

Кожухов М.М.

         Ағымдағы жылы бюджеттік қаражаттар есебінен аталған мекенжай бойынша қасбеттерді қалпына келтіру қарастырылмаған. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша әр мекенжайдағы 2/3 кем емес пәтер иелері келіскен жағдайда қайтару негізінде бюджеттік кредиттеу есебінен тұрғындарға қасбеттерге жөндеу жқмыстарын жүргізуге болады. Аталған бағдарлама бойынша халықтың аз қамтылған топтары үшін көмек қарастырылған.

Жұмысшы кентінде спортзалдың және күрес кілемінің жоқтығы мәселесі бойынша

31.06.2020ж дейін

Бикенов Н.Р. Асубаев М.Р.

         Ағымдағы жылы №56 ОМ шатырын оның ішінде спорт залды жөндеуге сондай-ақ мектеп аумағын абаттандыруға бюджеттік қаражат қарастырылды. Бұдан басқа спорт құралдарын оның ішінде күрес кілемін сатып алуға да қаражат қарастырылды. Кентте тұратын жастарды және оқушыларды қамту үшін сондай-ақ мектеп аумағында көпсалалы спорттық корт жұмыс істейді.

13.

Жесткая Наталья Николаевна

1. «Арман» шипажайынан бастап «Ромашка» саяжайлар қоғамына дейін жарықтандыру мәселесі бойынша

31.12.2020ж дейін

Оспанов С.Т.

Дюсембеков А.С.

       Қазіргі күні қала оның ішінде жеке меншік сектор көшелерінде жоқ жарықтарға мемлекеттік жеке меншік әріптестік (МЖӘ) механизмі арқылы жарықтарды сатып алу жөніндегі бағдарлама әзірленуде. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін жарық нүктесінің бір бірлігіне көше жарықтарына қызмет көрсетудің бағасын анықтау бойынша КазНИИСА-пен шарт жасалды, ол одан әрі  аталған жобаны жүзеге асырудың негізі болуға мүмкіндік береді.

 

 

2. Сұрыптау кентін көгалдандыру

31.06.2020ж дейін

Бикенов Н.Р. Асубаев М.Р.

        Көктем маусымында Сұрыптау аумағында ағаштар отырғызу жоспарланған. Осыған байланысты іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша ШОБ субъектілері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

14.

Дорохова Юлия Михайловна

23 ықшауд.

«Акжаркын», «Балдырған», «Алмагүл», «Одарежка» балабақшаларының және  №25 мектеп жанында жаяу жүргіншілер жолдарының және және бағдаршамның жоқтығы мәселесі бойынша

01.09.2020ж дейін

Оспанов С.Т.

Дюсембеков А.С.

       Ағымдағы жылы көрсетілген білім мекемелерінің жанында жаяу жүргіншілер жолдарын төсеуге бюджеттік қаражат қарастырылды. Жұмыстар жазғы маусымда жүргізілетін болады. Техникалық параметрлер бойынша бағдаршам орнату мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды қаласының әкімі                                                                                                                        Н. Әубәкіров

 

Қарағанды қаласы әкімінің 2020 жылғы  есеп беру кездесуін өткізу барысында халықтан түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспарының орындалуы

 

 


Дата редактирования: 09 Апреля 2020 18:14