• 3757 барлығы
  • 1 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Қала туралы

Қарағанды қаласы ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени облыс орталығы болып табылады.
1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды кенті ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып өзгертілді.
Қарағанды қаласынан Астана қаласына дейінгі арақашықтық – 222 км.
Қала аумағы 497,8 шаршы метрді құрайды. 2014 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 485,3 мың адамды құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылымы екі ауданнан тұрады: 260,3 мың адам тұрғыны бар Қазыбек би атындағы аудан және 225 мың адам тұрғыны бар Октябрь ауданы.
Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады.
Қарағанды қаласының бедерлі аумағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына енеді және Кенгіз-Балқаш су бөлу кеңістігі шегінде орналасқан. Жалпы алғанда, бедер телімі ұсақ шоқылар  көптеп кездесетін толқынды жазықтық болып келеді. Солтүстігінде төмен ұсақ шоқылар көптеп шоғырланған.
Қалған аумағы жазық бедер ретінде сипатталады. Гидрографиялық жүйе Кіші және Үлкен Бұқпа, Соқыр, Солонка, Безымянка, Федоровка су қоймасымен, Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы көлмен және төрт Көгілдір көлдермен суреттелген. Қала климаты ыстық құрғақ жазымен және суығы қатты ұзақ созылатын қыспен сипатталады.
Қарағанды қаласы экономикасының индустриалдық маманданымы дамыған, өңдеуші, тау-кен салалары, электр энергиясын өндіру және тарату салалары басым болып келеді. Жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындары – "Қарағанды Жылу" ЖШС, "Қарағанды Жарық" ЖШС, "Евразиан Фудс" АҚ, "Қарағанды-Нан" корпорациясы" ЖШС, "Эфес Қазақстан" ШК АҚ, "Қарағанды кәмпиттері" АҚ, "Қарағанды-Су" ЖШС, "Имсталькон" Қарағанды металл конструкциялар зауыты" ЖШС, "Сантехпром" ЖШС.
Қалада 15800 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 9041 кәсіпорын жұмыс істейді. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 112,3 мың адам жұмыспен қамтылған. Өнеркәсіптік өнім көлемі 2014 жылғы қаңтар-ақпан айларында 40,4 млрд. теңге құраған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен "Қарағанды-Нан" корпорациясы" ЖШС, "Қарағанды астық қоры" ЖАҚ,  "Ақнар" фирмасы" ЖШС, "Мәди" ЖШС, "Номад" фирмасы" ЖШС, "Бериев" ШҚ, "Қарағанды сүт комбинаты" ЖШС, "№1 Қарағанды ет комбинаты"  ЖШС, "Тұлпар" ЖШС және өзге де кәсіпорындар айналысады.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2010-2013 жылдар ішінде қалада 64,6 млрд. теңге сомасына 24-тен астам жоба іске асырылған.

2014 жылы 7,2 млрд. теңгеден астам сомаға облыстың индустрияландыру картасына енгізілген 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Новости Караганды

Фотогалерея

  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря