Қарағандыда
  • USD 378.17
  • EUR 429.11
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Объявления

Басты парақОбъявления

Қарағанды қаласының құрметті тұрғындары!

05 Наурыз 2019 11:05

«Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ (Бейбітшілік бульвары, 39, тел. 41-29-93,42-11-55) кезекте тұрған азаматтардың тізімдерін көкейтестендіру үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған ҚР азаматтарының кезектілік тізіміне түгендеу жүргізіп жатыр. 

Осы мақсаттарда тұрғын үйге мұқтаждардың тізімінде тұрған азаматтарға ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 желтоқсанына дейін келесі құжаттарды ұсыну (жаңарту) қажет:

Азаматтардың барлық санаттары үшін:

  1. Барлық отбасы мүшелері үшін мекенжай анықтамасы Барлық отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің (балалардың туу туралы куәліктерінің) көшірмелері.
  2. Өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ екендігі туралы анықтама, ҚР бойынша 5 жылда жылжымайтын мүлік бойынша ақпараттық анықтама
  3. Некеге тұру (бұзу), қайтыс болуы (болған жағдайда) туралы куәліктері;

Қосымша ұсынылатын құжаттар:

Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін (әскери қызметкерлер үшін) жұмыс (қызмет) орнынан анықтама;

- Азаматтардың жеңілдіктері бар санаттары үшін:

1) жеңілдігін куәландыратын құжат (нотариуспен расталған көшірмесі)

 «Толық емес отбасы» (некеде тұрмағаны туралы нотариуспен расталған өтініш),

«Көп балалы отбасы» ( «Алтын алқа» куәлігі және т.б.)

«Оралмандар» (жеке куәлік)

«1,2 топ мүгедектері» (тобы көрсетілген мүгедектік туралы анықтама),

«Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары» (тобы көрсетілген мүгедектік туралы анықтама),

«Созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар»  (ауру түрін көрсететін тиісті органдардың анықтамасы);

«Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар» (куәлік),

«жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер» (зейнеткер кітапшасы),

2) әрбір отбасы мүшесі үшін соңғы 12 айда кірістері туралы анықтама (мүгедек-балалар мен жетім-балаларды қоспағанда);

Ескерту: Көрсетілген мерзімде құжаттар ұсынылмаған жағдайда, азаматтарға хабарлама жолданады және тұрғын үйге мұқтаждардың есебінен алу туралы мәселе қарастырылатын болады.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина