Қарағандыда
  • USD 383.98
  • EUR 430.63
  • RUB 6.11
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Объявления

Басты парақОбъявления

Халықты тегін оқыту

13 Маусым 2019 09:58

Қарағанды қаласының әкімдігі «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ бірлесіп «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру курстарын өткізеді.
Мақсаты - одан әрі оқу, жұмысқа орналасу немесе еңбек қызметін жалғастыру үшін ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы өз білімін жетілдіру қажеттілігін қамтамасыз ету.
Оқыту 2019 жылғы 10 маусымнан 31 тамыз аралығында Қарағанды қаласының 46 білім ұйымының базасында 5 модуль бойынша өтеді:
1. Базалық цифрлық дағдылар;
2. Электрондық мемлекеттік қызметтер;
3. Ашық үкімет;
4. Электрондық сауда;
5. Ақпараттық қауіпсіздік негіздері.
Курспен қамтылатын халық:
- Жас ерекшелігінде шектеу жоқ;
- Халықтың барлық санаттары (зейнеткерлер, көп балалы аналар, жұмыссыздар, оралмандар және басқа азаматтардың санаты).
Курсты өткізетін мектептердің мекенжайлары мен байланыс телефондары Қарағанды қаласы білім бөлімі сайтының www.kargoo.gov.kz «Цифрлық сауаттылықты арттыру» бөлімінде орналыстырылған.
Барлық сұрақтар бойынша Call-орталығына хабарласыңыз: 8 (7212) 34-34-92 немесе 8 (701) 244-59-55, 8 (701) 135-00-31