• 3757 барлығы
  • 1 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Биография первых руководителей

Қарағанды қаласының әкімі  - Әубәкіров Нұрлан  Ерікбайұлы

 1975 жылғы 29 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған.
Қарағанды мемлекеттік университетін (1997), Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті (2000) бітірген.
Еңбек қызметін 1997 жылы Қарағанды облыстық бюджеттік банкте аға ревизор болып бастаған, ревизиялық бөлімнің бас қазынашысы, Қарағанды облыстық қазынашылық басқармасының жетекші қазынашысы болып қызмет атқарған.   
2000-2002 жж. - Қарағанды облысының экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасының шағын және орта бизнесті қолдау бөлімінің бас маманы.
2002-2005 жж. - Қарағанды облысының экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасының бюджеттік қаражаттарды жоспарлау, есепке алу және бақылау бөлімінің бастығы, бас бухгалтері. 2005 жылы - Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің ұйымдық және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы, бас бухгалтері.
2005-2006 жж. - Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы.
2006 жылы - «Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығы. 2006 жылы - Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы.
2006-2007 жж. - «Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығы. 2007-2009 жж. - Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2009-2010 жж. -  Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның әкімі.
2010 ж. - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.
2011 ж. - Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі.
2012 ж. - Балқаш қаласының әкімі.
2014 жылғы 28 маусымда Қарағанды қаласы әкімінің лауазымына тағайындалған.

 

Қарағанды қаласы әкімінің сәулет, қала құрылысы, құрылыс және жер қатынастары мәселелері бойынша орынбасары

Асылбек Серикович Молдабаев – заместитель акима города Караганды, курирующий вопросы земли, градостроительства, архитектуры, государственных активов и строительства.

Асылбек Серикович Молдабаев, 1970 года рождения, уроженец села Дальнее Молодежного района Карагандинской области. Образование высшее, в 2008 году закончил Карагандинский государственный университет имени Е.А.Букетова по специальности «бакалавр фермерского дела». В 2011 году закончил Карагандинский Экономический Университет Казпотребсоюз по специальности «бакалавр государственного и местного управления». В 2016 году закончил Казахский Агро-Технический университет имени С.Сейфулина по специальности «бакалавр сельского хозяйства».
В 2006 году назначен директором КГП «Тазалық».
В 2009 году назначен акимом поселка Молодежный Осакаровского района Карагандинской области.
В 2012 году назначен руководителем аппарата акима Осакаровского района.
С августа 2013 года до назначения на должность заместителя акима города Караганды занимал должность заместителя акима Осакаровского района Карагандинской области.

 
 

Қарағанды қаласы әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму, талдау және жоспарлау мәселелері бойынша орынбасары – Риза Темірбайқызы Мүкеева


Еңбек қызметін 1981 жылы бастаған. «Экономист» және «Заңгер» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. 1983 жылдан бастап 2006 жылға дейін Балқаш қаласының салық органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2006 жылдан бастап 2011 жылға дейін Балқаш қаласының, кейін Қарқаралы ауданының салық басқармаларының бастығы болып қызмет атқарған.
2013 жылдан бастап Қарағанды қаласының салық басқармасын басқарды.
«Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі» құрметті атағымен марапатталған.

 

 

Қарағанды қаласы әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері бойынша орынбасары  –  Любарская Ирина Юрьевна

 1967 жылғы 24 қарашада Қарағанды облысы Шахан поселкесінде туған, ұлты – орыс. Білімі – жоғары, 1989 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 1989 жылы физика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1995-1997 жж. - Киров аудандық әкімшілігінің ішкі саясат секторының бас маманы;
1997-2003 жж. - Октябрь ауданы әкімі аппаратының аймақтық бөлімі бастығының орынбасары, ұйымдық және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы;
2003-2010 жж. - Қарағанды облысының ішкі саясат департаменті бөлімінің меңгерушісі, аталған басқарма бастығының орынбасары және бастығы;
2010-2011 жж. - Октябрь ауданы әкімінің әлеуметтік сала мәселелері бойынша орынбасары;
2011 ж. - «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы лауазымына тағайындалған.

Тұрмыста. Қызы баласы бар. «Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Қарағанды қаласы әкімінің аппарат басшысы - Омарханов Бақтияр Ниқанбайұлы

Бақтияр Ниқанбайұлы Омарханов, 1990 жылы туған, Қарағанды облысының тумасы. Білімі жоғары, 2011 жылы «экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша, 2013 жылы «экономикалық ғылымдар магистрі» мамандығы бойынша, 2015 жылы «құқық бакалавры» мамандығы бойынша Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек қызметін 2008 жылы «СиДжиСиОуверсисКонстракшнГроуп Ко ЛТД» АҚБ филиалының заңгер кеңесшісінің көмекшісі ретінде бастаған.
2010 жылғы мамырдан бастап 2011 жылғы қазанға дейін «Орда Строй Инвест» ЖШС механигі болып жұмыс атқарған.
2010 жылғы сәуір айынан бастап қазан айына дейін «Нью Горизонт Капитал» ЖШС коммерциялық директоры болып қызмет атқарған.
2011 жылы Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына мемлекеттік қызметке орналасқан, 2014 жылғы қаңтар айына дейін индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарған.
2014 жылғы қаңтардан бастап Қарағанды қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін «Казагромаркетинг» АҚ Қарағанды филиалының директоры лауазымында қызмет атқарған.

 

 

Дата редактирования: 21 Февраля 2017 16:34

Новости Караганды

Фотогалерея

  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря