Қарағандыда
  • USD 389.81
  • EUR 430.27
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру

Мемлекеттік қызмет паспорты



Мемлекеттік қызметтің атауы

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру

Қызметті алушылар

Заңды және жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі,
Мемлекеттік корпорация (ХҚО)
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kzwww.elicense.kz веб-порталы

Қызмет ақысы

Тегін

Қызметті көрсету мерзімі

           1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі, мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
      Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі, мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 17 (он жеті) жұмыс күнінен аспайды.
      Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыт – 15 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақжол берілетін уақыт – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 20 минут.

Мемлекеттік қызметі алу үшін қажетті құжаттар

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі;
      жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;
      топографиялық түсірілім.
      2) мемлекеттік корпорацияға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма;
      жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы);
      топографиялық түсірілім.
      3) порталға өтініш берген кезде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
      тапсырыс беруші бекіткен, жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электронды көшірмесі;
      топографиялық түсірілімнің электронды көшірмесі.
      Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттар туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиесті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Өтініштің қабылдануын растау:
      құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы көрсетілетін қызмет берушідегі белгі;
      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармағымен көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
      Порталда электрондық сұрауды қабылдау корсетілетін кызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

Қызметті көрсету нәтижесі

осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес және келесі бастапқы материалдарды:
      техникалық шарттарды;
      сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларын;
      егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін;
      тік жоспарлау белгілерін;
      жолдар мен көшелердің көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.

 


Дата редактирования: 26 Мая 2016 15:52

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина