Қарағандыда
  • USD 377.33
  • EUR 424.68
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

2016 жылы Қарағанды қаласы әкімінің есеп беру кездесулерін өткізу барысында келіп түскен халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын орындау туралы ақпарат


р/с

Ескертулер / ұсыныстар

Автор, мекенжайы

Ескертулер/ұсыныстарды жүзеге асыру шаралары және орындау мерзімдері

Шаралардың орындалуы

Жауапты

  1.  

Кешкі сағат 23.00 кейін спирт ішімдіктерін заңсыз сату

Дейнеко Михаил Павлович, Зелинский көшесі, 11 үй, 4 пәтер

Қарастырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылдау.
Мерзім: 1.03.2016 ж. дейін.

Орындалды.
Сағат 23.00 кейін спирт ішімдіктерін сататын 22 ш/а. дүкеннің иесіне қатысты шараларды қабылдау мәселесі Қарағанды қаласының ІІБ ЖПҚ және Қарағанды қаласының ІІБ Киров ПБ учаскелік полиция инспекторлары тарапынан қарастырылды. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 8 наурыздан бастап 10 наурызға дейін өткізілген рейд шаралары барысында алкогольге қарсы заңнаманы бұзу бойынша бір дерек анықталды. 22 ш/а, 3 үй мекенжайы бойынша орналасқан  «333» дүкенінің иесі 02.05.1981 ж.т. аз. Наталья Сергеевна Стукаловаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрылды (09.02.2016 ж. №584 ӘҚ) ҚР ӘҚК 200 бабында қарастырылған (алкоголь өнімдерін сату бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу).
Осы бағытта жұмыс жалғастырылады және жоғарыда көрсетілгендей заңға қайшы деректер анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнама аясында шара қолданылады. Орындау мерзімі 2017 жылға ауыстырылды.

Оразбаев А.А.

9.

23 шағын аудандағы № 38 тұрғын үйдің, Құрылысшылар көшесі, №19 үйдің ауласында автомобильдерді қою.

Яцюк Евдокия Владимировна (зейнеткер), 23 ш/а., 38 үй.

Орынға барып, автомобильдерді қою заңдылығын тексеру және қолданыстағы заңнама аясында тиісті шараларды қабылдау.
Мерзім: 1.03.2016 ж. дейін.

Орындалды.
Е.В. Яцюктің өтініші Қарағанды қаласының ІІБ ЖПҚ және Қарағанды қаласының ІІБ Киров және Оңтүстік-Шығыс ПБ қызметкерлері тарапынан орынға барып қарастырылды. Азаматша Е.В. Яцюктен сұрастыру барысында бұрын 23 ш/а. 38 үйдің ауласында автобус қойылған, ол аулаға кірер жолға бөгет болып, тұрақ ережелерін бұзғаны туралы айтылды. Алайда, тексеріс кезінде орында қандай да бір автобустың орналаспағаны немесе жоғарыда көрсетілген аулада автомобильді қою бойынша бұзу фактілері тіркелген бейнежазбаның болмауы анықталды.
Аталған әкімшілік учаске Қарағанды қаласының ІІБ ПБ басшылығының және аймақтық учаскелік полиция инспекторларының ерекше бақылауына алынған.
Осы бағытта жұмыс жалғастырылады және жоғарыда көрсетілгендей заңға қайшы деректер анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнама аясында шара қолданылады.

Оразбаев А.А.  

11.

Зелинский көшесіндегі жолдың тротуар бөлігін қардан тазалаудың қанағаттандырғысыз жағдайы

Марченко Виктор Васильевич

Автомобиль жолдарының тротуар бөлігін сапалы тазарту бойынша тұрақты бақылау жасау.
Мерзім: 1.03.2016 ж. дейін.

Орындалды.
Автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың күшімен «Пришахтинск» секторында  Зелинский көшесіндегі жолдың тротуар бөлігін қардан тазалау және қар шығару жұмыстары жүзеге асырылды.

Жұмекенов А.Қ.
Жүсіпова Ш.М.

13.

Иесіз иттерді аулау

Қазықбаева Клара Әлиасқарқызы, 22 ш/а., 32 үй, 38 пәтер

Орынға барып, тиісті шараларды қабылдау.
Мерзім: 15.02.2016 ж. дейін.

Орындалды.
10.02.2016 ж. «Қарағанды қалалық ветеринарлық станция» ШЖҚ КММ 22 ш/а. 32 үйдің ауданында 5 иесіз итті аулады.
Ағымдағы жылға арналған жоспар - 2267 бас, ауланған иесіз иттер – 857 бас. Жоспар бойынша иесіз мысықтар – 320 бас, ауланғаны – 94 бас.     

Мукеева Р.Т.
Бекетбаев Е.М.

16.

1. «Юбилейный»
дүкені орналасқан тұрғын үйдің маңдайшасын ауыстыру.
2. «Юбилейный»
дүкенінен бастап 26 кварталға дейін тротуарды тазарту

Шутова Таисия Петровна

1. Орынға барып, «Юбилейный»
дүкені орналасқан тұрғын үйдің маңдайшасын ауыстыру мүмкіндігін қарастыру.
2. Тиісті жұмыс жүргізу.
Мерзім: 25.02.2016 ж. дейін.

 Орындалды.
Автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың күшімен «Қала» секторында  тротуар бөлігін қардан тазалау және қар шығару жұмыстары жүзеге асырылды.

1. Жұмекенов А.Қ.
Жүсіпова Ш.М.
Даутбергенов С.Ф.
2. Жұмекенов А.Қ.
Жүсіпова Ш.М.

19.

Қарды рұқсатсыз үю.

Қасқатаева Әсел, Күнгей шағын ауданы, 20 көше

Орынға барып қарастыру және тиісті шараларды қабылдау.
Мерзім: 1.03.2016 ж. дейін.

Орындалды.
Күнгей ш/а., 20 көше мекенжайында тұратын азаматша Ә. Қасқатаеваның өтінішін орынға барып тексеру барысында әрбір үйдің тұрғындары өз үйлерінің жанына қар шығаратыны анықталды.
Күнгей ш/а., 20 көше бойынша қарды рұқсатсыз үю деректері анықталған жоқ.

Шатохина Т.Н.
Оразбаев А.А.

22.

1. Қаладағы рұқсат етілмеген жарнамалар.
2. №8 автобус маршрутының жүйесіз қозғалыс кестесі.
3. «Триада» ЖШС дейінгі жол учаскесінің құрылысы

Куркин – Қазыбек би атындағы аудан тұрғыны

1. Абаттандыру ережелерін бұзушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізу және қолданыстағы заңнама аясында тиісті шараларды қабылдау.
Мерзім: тұрақты.
2. №8 автобус маршрутының шығу жиілігіне бақылауды күшейту.
Мерзім: тұрақты.
3. Орынға барып, «Триада» ЖШС дейінгі жол учаскесінің құрылысын салу мүмкіндігін қарастыру.
Мерзім: 1.04.2016 ж. дейін.

Орындалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Астана қаласында 2012 жылғы 11 сәуірде өткен мәжілісте берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қарағанды қаласының ІІБ қоғамдық тәртіптің, аумақтарды абаттандырудың және азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін бұзатын және қоршаған ортаға құрметпен қарамауға қатысты басқа да әрекеттерді анықтау және жол бермеу бойынша қосымша шараларды қабылдады.
Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР ӘҚК 434 бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша 1407 дерек анықталған, олар бойынша сот 133 адамды әкімшілік қамаққа алды.   
ҚР ӘҚК 505 бабы (абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша 3006 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Осы бағытта жұмыс Қарағанды қаласының ІІБ ЖПҚ басшылығының ерекше бақылауына алынған.    

1.Оразбаев А.А.
2. Жұмекенов А.Қ.
Жүсіпова Ш.М.
3. Жұмекенов А.Қ.
Жүсіпова Ш.М.

24.

Қарағанды қаласының аялдама павильондарындағы және көшелердегі дыбыстық жарнаманы сөндіру мүмкіндігін қарастыру

Васильченко Людмила Яковлевна, Ермеков көшесі, 4 үй, 33 пәтер

Орынға барып, дыбыстық жарнаманың шу деңгейін өлшеу бойынша тиісті жұмыс жүргізу.
Мерзім: 1.03.2016 ж. дейін.

Орындалды.
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508-ІІ Заңында дыбыстық жарнаманы орналастыру, жариялау, сонымен қатар дауыс зорайтқыш құралдар арқылы жариялау кезінде дыбыс деңгейі регламенттелмеген. Дыбыстық жарнамаларды орналастыру үшін рұқсат беру құжаттары көзделмеген. Шудың жол берілетін деңгейінде дыбыстық жарнамаға тыйым салынбайды.
Сонымен қатар «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ тұрғын үйлерден, ауруханалардан, балаларға арналған және білім беру мекемелерінен 500 метр радиус қашықтықта дыбыстық жарнаманы шектеуге қатысты «Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру ережелеріне»  өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс жолдады.  

Қалмаханов Т.С.
Плужникова Ю.В.
Аймағанбетов Н.М. (келісім бойынша)

26.

1. ҰОС және еңбек  ардагерлерінің тізіміне енгізу.
2. Шахтерский шағын ауданының автомобиль жолының өту бөлігін қардан тазарту.

Баймағамбетов Қанапия – Октябрь ауданының тұрғыны

1. Қ. Баймағамбетовті  ҰОС және еңбек  ардагерлерінің тізіміне енгізу
және қалалық шараларға шақыру.
2. Орынға барып қарастыру және тиісті шараларды қабылдау.
Мерзім: 1.03.2016 ж. дейін.

1. Орындалды.
ҰОС және еңбек  ардагері Қ. Баймағамбетов  тізіміне енгізілді және қалалық шараларға қатысу үшін шақырылады.
2. Орындалды.
Шахтерский ш/а. автомобиль жолының өту бөлігін қардан тазарту бойынша жұмыстар жүзеге асырылды.

1.Любарская И.Ю.
2. Жұмекенов А.Қ.
Жүсіпова Ш.М.

 


Дата cоздания: 18 Апреля 2016 16:52
Дата редактирования: 14 Июля 2016 16:41

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина