Қарағандыда
  • USD 386.71
  • EUR 429.17
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

2016 жылы Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы

№ п/п

Іс-шаралар атауы

Орындалуы

1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша комиссия отырысын өткізу

2016 жылы Қарағанды қаласы әкімі төрағалық етуімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ведомстволық комиссиясының 4 отырысы өткізілді (29 наурыз, 29 шілде, 9 қыркүйек, 8 желтоқсан).

2

Қызметкерлер үшін дөнгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру

- 2016 жылдың ақпан айының 12 күні – Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Этикалық кодексін талдау тақырыптарына семинар-кеңес (Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер Министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің қатысуымен);
- 2016 жылдың маусым айының 17 күні - жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту;
- 2016 жылдың тамыз айының 25 күні – «Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер саласындағы жеткен жетістіктер және статистика» тақырыбына семинар-кеңес (Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер Министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің қатысуымен);
- 2016 жылдың қараша айының 17 күні – «Сыбайлас жемқорлық түрлері және олар үшін ҚР ӘҚБ және ҚР ҚК сәйкес жауапкершілік тақырыбында семинар-кеңес (Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер Министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің қатысуымен);
- 2016 жылдың қараша айының 18 күні – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін талқылау» тақырыбына құқықтық оқыту (Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер Министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің қатысуымен);
Сонымен қатар,  Қарағанды қаласы әкімдігінің ведомствалық бағынысты барлық мемлекеттік мекемелерінде ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер заңнамасын түсіндірумен құқықтық оқытулар жүргізіліп отырады.

3

Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысына мониторинг жүргізу

Қарағанды қаласы аппаратының тәртіптік комиссиясының қызметі туралы ақпарат әр тоқсан сайын Қарағанды облысының аппаратына жолданады.

4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған жоспарларды әзірлеу және бекіту

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №36/02 қаулысымен «Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспры» бекітілген.
Қарағанды қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырында №36/02 жоспарға өзгерістер еңгізілді.

5

Жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысы туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа тартылғандар (2016 жылғы қаңтардан), мемлекеттік қызметтен босатылғандар туралы ақпарат (толық анкеталық мәліметтер, фотосурет) орналастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, тұрғандардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті іс-шаралар бойынша тиісті ұсыңыстар енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету (блог форматында, бұл ұсыныстарды ашық қолжетімділікте сайтта тұрақты орналастырумен)

Қарағанды қаласы әкімдігінің сайтында (http://karaganda-akimat.gov.kz) - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» бөлімі әзірленді және жұмыс істейд. Осы бөлімде келесі ақпарат орналастырылған:
- Қарағанды қаласындаҚазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (156 КБ)
- 2015 жылы Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын  іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы (112 КБ)
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (56 КБ)
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы (43 КБ)
- Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы (120 КБ)
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (26 КБ)
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы (76 КБ)
- Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (108 КБ)
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары

6

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Интернет желісінің жергілікті мемлекеттік органдар сайттарына мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, олардың жұбайларының, кәмелетке толмаған балаларының кірістері, шығыстары, мүлкі, мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер орналастыруды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге қоғамдық сенімді нығайту мақсатында 2016 жылдың 31 науырызында Қарағанды қаласының әкімдігінің http://www.karaganda-akimat.gov.kz ресми сайтында Қарағанды қаласы әкімінің, қала әкімі орынбасарларының, аудан әкімдерінің және мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының кірістері мен мүліктері туралы мәліметтер жарияланды.

7

Әлеуметік маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мемлекет бөлген ақшалай қаржыны тиімді және мақсатқа сай пайдалануға мониторинг жүргізу

«Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ тұрақты негізде әлеуметтік-маңызды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға мемлекет бөлген ақшалай қаражатты тиімді пайдалануға мониторинг іске асырылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 16.02.2009 жылғы №68 бұйрығына сәйкес ай сайын бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша бюджеттік мониторинг жүргізіледі.

8

Сыбайлас жемқорлық көріністері мен сыбайлас жемқор бейнесіне теріс көзқарасты қалыптастыру үшін осындай әрекеттерге барған мемлекеттәк қызметшілер туралы оларға қатысты лауазымнан босату, бас еркінен айыру сияқты қолданылған қатаң шараларды жариялаумен ақпарат құралдарында міндетті түрде хабарлар (жаңалықтар сюжеттері) беру (олардың жеке өмірбаян деректері мен қызмет тізімін жариялай отырып)

Осы Жоспарды қабылданған сәттен бастап Қарағанды қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық үшін жұмыстан босатылған не бас бостандығынан айырылған жоқ.

9

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта жеке мақсатта пайдалануының алдын алу үшін автомобиль кузовына мемлекеттік мүлік мәртебесін бекітетін айырым белгісін орналастыру мәселесін қарастыру қажет. Айырым белгілері басқа белгілерден ажыратылуы, автомобиль кузовынан бөлек түсте болуы, тәуліктің қараңғы уақытында белгілі болуы керек. Осы белгілерді түсіндіру және әртүрлі көңіл көтеру орындарына барғаны анықталған жағдайда кінәлілердің тәртіптік жауапкершілікке тартылатын жайлы ақпарат құралдарында, Интернетте кең көлімдегі PR-акция өткізу

Қарағанды облысы әкімінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы №170ө «Мемлекеттік мүлік мәртебесін дәлелдейтін ерекшелеу белгілерін автомобиль шанағына орналастыру туралы» өкімімен мемлекеттік мүлік мәртебесін бекітетін айырым белгілері бекітілді.
2017 жылдың I тоқсан қорытындысында бюджетті нақтылау кезінде мемлекеттік мүліктің мәртебесін растайты айырым белгілерін дайындау және орналастыруға қатысты қаражат бөлу мәселесі қарастырылатын болады.
Қарағанды облысы әкімінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы «автомобиль кузовына мемлекеттік мүлік мәртебесін бекітетін айырым белгісін орналастыру туралы» №170-ө өкімімен мемлекеттік мүлік мәртебесін бекітетін айырым белгілері бекітілді.
2017 жылдың 1 тоқсаның қорытындысы бойынша бюджетті нақтылау кезінде коммуналды меншіктегі транспорттарға мемлекеттік мүлік мәртебесін бекітетін айырым белгілерін дайындау мен орналастыруға бюджеттік қаражатта бөлу туралы мәселе қарастырылады.

10

Мемлекеттік органдар басшыларына бағалы сыйлықтар қабылдауды реттейтін сыбайлас жемқорлық шектеулерін қабылдануын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қарағанды облысы Агенттігімен әзірлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер Қарағанды қаласының әкімімен және ведомстволық бағыныстағы мекемелер басшыларымен қабылданды және жеке істерінде сақталады.
Сонымен қоса қайта тағайындалған басшылар жетекшілік ететін лауазымдарға қабылданған кезде  жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

11

Мемлекеттік органдар басшыларының кәсіпкерлік саласындағы жемқорлыққа қарсы әрекеттер мәселелері бойынша кәсіпкерлер палатасымен, қоғамдық ұйымдармен тұрақты кездесу өткізулерін тәжірибеге енгізу

Қарағанды қаласының мемлекеттік мекемелерімен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері өзара тиімді әрекеті мақсатында Қарағанды қаласы әкімдігінің жанында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша Кеңес құрылды.
Мәселелерді қарастыру кезінде әділдік болуы мақсатында Кеңс құрамына мемлекеттік мекеме өкілдері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және бизнес қауымдастықтарының өкілдері енгізілді.
2016 жылдың басынан бастап  Қарағанды қаласы әкімдігінің жанында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша Кеңес отырыстары өткізілді, олардың барысында 12 мәселелер қарастырылды.
Кеңес отырыстарында Қарағанды қаласының кәсіпкерліктің шешімін таппаған мәселелері, сонымен қатар  рұқсаттама үрдісерін жүргізу кезінде қарастырылады, себебі көптеген рұқсаттама құжаттарының саны сыбайлас жемқорлық үшін  шарттарды құрайтын факторлар болып табылады, рұқсаттама үрдістерді оңтайландыру бойынша жұмыстар сыбайлас жеиқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алатын факторы болып табылады.

13

«Сенім телефонымен» және бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен ақпараттық стендтер әзірлеу және орнату, сол сияқты жеке және заңды тұлғалар үшін «сенім телефоны» мен арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі жұмыс істеуін жалғастыру

Қарағанды қаласы әкімдігінің ғимаратында орнатылған ақпараттық стендте барлық әкімдікке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің «сенім телефондары» туралы ақпарат орналастырылған.
Қарағанды қаласының әкімі және облыс әкімі орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі әкімдік ғимарат холлының кіреберісінде орналасқан, сондай-ақ, әкімдікке ведомстволық бағыныстағы барлық мемлекеттік мекемелерінің бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестелері орналасқан.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттары үшін әкімдік ғимаратының холлында, сондай-ақ ақпараттық стендте  пошталық жәшік орналастырылған.

14

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру, соның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғамның басқа да институттарының өкілдері үшін семинарлар өткізу

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-мен келесі іс-шаралар жүргізілді:
- НДП «НурОтан» ҰДП қалалық филиалымен бірлесе өзге азаматтық бірлестіктерді жұмылдырумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар тақырыбында қоғамдық тыңдалымдар, акциялар өткізілді;
- БАҚ және халықтың қатысуымен «Болашақ сыбайлас жемқорлықсыз» ұранымен жастар арасында форум;
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған төменгі сынып оқушыларының арасында суреттер конкурсы және спорттық іс-шаралар;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қала жастарының арасында флеш-моб (акция);
- халықтың түрлі топтарының арасында сыбайлас жемқорлық түсінігін, азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескендегі іс-әрекеттерін  түсіндіретін, сонымен қатар мұндай фактілерге себептескенге жауапкершілік, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлама үшін сыйақы мәліметтері, сонымен бірге мемлекеттік қызметкерлердің әрекеттерін видеоға түсіру тәртібі туралы жадынамалар таратылды (пішіні А5, таралымы: 1500 дана, мемлекеттік және орыс тілдерінде)

15

Мемлекеттік сатып алу рәсімдеулерін өткізудің ашықтығын арттыру

Қарағанды қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің  барлық мемлекеттік сатып алулары электронды әдіспен жүргізіледі. Қарағанды қаласы әкімінің аппараты, Қарағанды қаласының аудандық әкімдіктері және Қарағанды қаласы әкімдігінің ведомствалық бағынысты барлық мемлекеттік мекемелері тұрақты түрде «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының нормаларын және мемлекеттік сатып алуларды өткізумен байланысты ҚР қолданыстағы заңнамасындағы өзгерістерді талқылап, танысып отырады. Мемлекеттік сатып алулар конкурстарының жосықсыз қатысушыларының (өнім жеткізушілер) мониторингі жүргізіліп отырады.

16

Жер кодексі нормалары талаптарының бұзылу деректерінің алдын алу, жер телімдерін бөлу кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау

Қарағанды қаласынның аумағында жер учаскелерінде объектілер құрылысы үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында, сауда-саттықты (аукциондарды) жүргізу арқылы өткізіледі.
Жер учаскелерін аукцион арқылы сату, неғұрлым айқын рәсім болып табылады. Бұл аукциондар барлығына тең мүмкіндіктер береді, соның ішінде инвесторлар үшін жер телімдерін барабар бағасына алуға және мемлекеттік бюджетті толықтыру үшін.
2016 жылдың басынан Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімімен жер учаскелерін сату бойынша 1 аукцион өткізілді, онда 16 638 862 теңге сомасына 9 жер учаскелері жүзеге асырылды,.

17

Коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алуға мұқтаж азаматтарды есепке алу, сол сияқты тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету

Қарағанды қаласы әкімдігінің сайтында (http://karaganda-akimat.gov.kz) «Тұрғын үй кезегі» бөлімі әзірленді және жұмыс істейді. Осы бөлімде азаматтардың тұрғын үй алу кезегіне енгізу туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қорынан тұрғын үй алу кезегінің  жай-күйін және жылжуын қадағалау үшін электрондық қызметтерінің порталына (http://www.e-krg.gov.kz) сілтеме орналастырылған.

18

Тұрғындардың әртүрлі бөліктері арасында сыбайлас жемқорлық ұғымын, онымен кездескен жағдайда азаматтардың іс-әрекет ету тәртібін, мұндай деректерге жәрдемдескені үшін жауапкершілікті түсіндіретін жаднама әзірлеу және тарату

Қарағанды қаласы әкімінің аппаратымен сыбайлас жемқорлықты түсіндіретін ұғым, сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мұндай фактілерге жәрдемдесу үшін жауапкершілік туралы жадынамалар әзірленді. Осы жадынамалар басшылардың  қабылдау бөлмелерінде, ғимараттар холлдарында, мемлекеттік органдардың ақпараттық стенділерінде орналастыру жолымен таратылды.

19

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған лоттарды қарастыру, оларға тұрғындардың түрлі топтарымен іс-шаралардың кең тізбесін енгізу

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-мен келесі іс-шаралар жүргізілді:
- НДП «НурОтан» ҰДП қалалық филиалымен бірлесе өзге азаматтық бірлестіктерді жұмылдырумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар тақырыбында қоғамдық тыңдалымдар, акциялар өткізілді;
- БАҚ және халықтың қатысуымен «Болашақ сыбайлас жемқорлықсыз» ұранымен жастар арасында форум;
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған төменгі сынып оқушыларының арасында суреттер конкурсы және спорттық іс-шаралар;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қала жастарының арасында флеш-моб (акция);
- халықтың түрлі топтарының арасында сыбайлас жемқорлық түсінігін, азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескендегі іс-әрекеттерін  түсіндіретін, сонымен қатар мұндай фактілерге себептескенге жауапкершілік, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлама үшін сыйақы мәліметтері, сонымен бірге мемлекеттік қызметкерлердің әрекеттерін видеоға түсіру тәртібі туралы жадынамалар таратылды (пішіні А5, таралымы: 1500 дана, мемлекеттік және орыс тілдерінде)

20

Әрбір мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған адамдар туралы ақпарат орналастыруды қамтамасыз ету (өмірбаян деректері, суреті, құқық бұзушылық туралы мәлімет)

Қарағанды қаласының әкімдігінің ғимаратында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар туралы ақпараттық стенд орналастырылған.

21

Әрбір мемлекеттік мекемеде жұмыста тамаша нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақпарат берілетін «Құрмет тақтасын» орналастыруды, сол сияқты «Тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі» атағына ұсынуға міндетті тоқсан сайынғы мемлекеттік қызметшілер жұмысын ішкі бағалауды өткізу

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты, сондай-ақ әкімдіктің мемлекеттік мекемелерінің тоқсан сайын ішкі мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелеріне сәйкес жақсы көрсеткіштері бойынша «Құрмет тақтасы» ақпараттық стенд орналастырылды.

22

Мектеп әкімшілігінің әр түрлі шығыстарға ақша жинауды туралы ата-аналар арасында сауалнама өткізу

«Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ 2016 жылғы қараша айында оқушылардың ата-аналарынан мектеп әкімшілігінің түрлі шығындарға ақша қаражаттарын жинау бойынша сауалнама өткізді, оның нәтижесі бойынша білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша қаражаттарын жинау бойынша фактілер анықталған жоқ.
Қазіргі таңда қала мектептерінде қорғаншылық қызметтері жұмыс атқарады, ол оқу-тәрбие процесін басқаруға ата-аналардың алқалық қатысуының нысаны, сонымен қатар білім беру мекемелерінің бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттарын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Білім беру ұйымдарының мұқтаждықтары үшін ақша қаражаттарын жинау қорғаншылық кеңестерінің шешімімен жүзеге асырылады.
Мектеп әкімшілігінің түрлі шығындарға ақша қаражаттарын жинауға жол бермеу мақсатында мекеме басшысы «Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайдарға жол бермеу туралы» 2016 жылғы 9 қыркүйектегі №882 бұйрығы қабылданды.

23

Қарағанды қаласы әкімдігінің 100% қатысу үлесімен АҚ мен ЖШС-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі жыл сайынғы жоспарларды әзірлеу және бекіту

Жергілікті атқарушы органдарының 100% қатысу үлесімен АҚ мен ЖШС-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі жоспарлар әзірленіп, бекітілді.

24

Қарағанды қаласы әкімдігінің 100% қатысу үлесімен АҚ мен ЖШС басшыларымен және жұмыскерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес ұйымдастыру

Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі тоқсан сайын «Қалалық кадастр» ЖШС қызметкерлерін шақырумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта құқықтық оқыту бойынша жалпы оқу жұмыстарын өткізеді.

26

Кондоминиум объектісіне қызмет көрсететін ұйымдардың тұрғындар қаржысын жұмсауының тәртібін реттеу бойынша ұсыныс енгізу

«Қарағанды қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі»ММ мамандары Қарағанды қаласының аудан әкімдері аппараттарының өкілдерімен бірлесіп, тұрғындарымен жиын жүргізеді, мұнда бастамашыл топтың және ПИК төрағасы тарапынан қаражатын жұмсау тәртібін және ол бойынша ұсыныстарды қарастырады.

27

Жастар ұйымдарын тартумен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мәселесін оқу бағдарламаларын енгізумен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыс жоспарын бекіту

«Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ 2016-2017 оқу жылына арналған мектеп аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысының үлгілік жоспарын әзірледі. Аталған жоспар жұмыс барысында, онда нақты орындаушылар мен мерзімдері көрсетілген. Шараларды жүзеге асыру бойынша мекемелердің басшылары «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ ақпарат ұсынады.

28

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің мәселелері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзұщылықтардының профилактикасы» бағыты бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік жарнама өндірісі мен орнатуға бюджет қаржысын бөлу

2016 жылы бюджеттік бағдарламаның әкімшісі «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ «Жастар саясаты саласында өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шараларды орындауға 800 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

29

Мемлекеттік органдар орналасқан ғамараттар мен жайларда азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша әлеуметтік жарнама мини-плакаттарын орналастыру

Қазіргі уақытта Әкімдіктің мемлекеттік органдары орналасқан үй-жайларда азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлықтық мінез-құлқына ескертуге бағытталған әлеуметтік жарнамамен мини-плакаттар жасалып, орналастырылды.

30

Мемлекеттік қызметшілерді шақырумен орта оқу орындарында сабақтар өткізуді ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

«Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ ай сайын мемлекеттік қызметшілерді, білім беру ұйымдарының директорларын шақыра отырып, кеңейтілген мәжілістер өткізеді. Мәжіліс төрағасы - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарская. Кеңейтілген мәжілістердің негізінде мемлекеттік органдардың өкілдері біліктілігін арттырады. Мәжіліс тақырыптарының бірі ұстаздар мен кәмелетке толмағандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәсдениетті қалыптастыру болып табылады.

32

Мемлекеттік мекемелердің тапсырыс бойынша пайдалануға берілген нысандарда (автомобиль жолдары, тұрғын жайлар, парктер, скверлер, субұрақтар және т.б.) нысанды жеткізуші мен қабылдаған лауазымды тұлға (әкімнің жетекшілік жасаған оранбасары және аумақтық бірліктің тиісті әкімі), пайдалану кепілдігі және тағы басқалары туралы стенділер орнатуды ұйымдастыру

2016 жылы пайдалануға тапсырылған объектілер: Қарағанды қаласы, 137 есептік квартал, Республика даңғылы және Гудермесская көшесінің қиылысы. Көп пәтерлі тұрғын үй кешені (жиынтық кешен) Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, Белинский көшесі,  №5, 6, 7 блок-секциялар; арендалық 9 қабатты 108 пәтерлі №2 тұрғын үйдің құрылысы; әкімшілік ғимарат: Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Шахтерлер даңғылы, 64 учаске ақпараттық стендтер орналастырылған. Ақпараттық стендтерде объектіні пайдалануға қабылдау туралы ақпарат, жетекшілік ететін орынбасары, объектінің құны, кепілдік мерзімдері, сонымен қатар байланыс мәліметтерімен тапсырыс беруші және жабдықтаушы туралы ақпарат орналасқан.
Сондай-ақ, автомобиль жолдарында ақпараттық стендтерді орнату және қаржыландыру заңдылығын және жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігі бойынша  мәселелер қарастырылады.

33

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтингтер белгілеуді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-әрекет етуды қамтамасыз ету

Өткен кезеңде Қарағанды қаласының әкімдігіне Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардан сұраныстар мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

36

Тұрғындар тарапынан сыртқы бағалауды алу мен қоғамдық пікірді ескеру мақсатында БАҚ-да, сол сияқты сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі өкілетті органның сайтында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша есептерді жариялау

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде Қарағанды қаласының әкімдігінің http://www.karaganda-akimat.gov.kz ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат жарияланды.

37

БАҚ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша жыл сайынғы есепті жариялау

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде Қарағанды қаласының әкімдігінің http://www.karaganda-akimat.gov.kz ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу туралы есебі жарияланды.

38

Бюджетты жасақтауға қатысушыларды жауапкершілікке тартурдың және іс-шараны жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде жауапкершілікті жіктеудің тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау

Қарағанды қаласы әкімдігінің ресми сайтында бекітілген қаланың азаматтық бюджеті жарияланады, оған нақтылауларды ескере отырып өзгерістер енгізіледі.
Қала бюджетін қалыптастыру және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган «Қарағанды қаласының қаржы бөлімі» ММ барлық ұсынылатын өтінімдер мен есептер мұқият талданады.
Іске асыру мерзімдерін, не дәйексіз деректер бойынша бұзушылықтар анықталған кезде, қала әкімінің атына қызметтік жазба дайындайды. Одан әрі, қала әкімі аппаратының бірыңғай кадр қызметімен қызметтік тергеу жүргізіледі және тәртіптік комиссиясы лауазымды тұлғалардың кінәсін растау кезінде, тәртіптік жауапкершілікке бірінші басшыларына дейін тартылады.
Сондай-ақ, бюджет заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес қала бюджетінің жобасы мемлекеттік органдардың шешім қабылдау процесіне азаматтардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған Қоғамдық кеңестің отырысында талқыланады.
Бұл - бюджеті халық үшін қолжетімді қалыптастыратын және оны қалыптастыру жолдарын іске асыруды бақылауға мүмкіндік беретін ақпараттық алаңы:
- бюджетті көпшілік алдында тыңдау немесе талқылауға шығаруды қарау;
- ай сайын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептер жарияланымы.

39

Сауданы елді мекендерде ұйымдастыру және аудандарға орналастыру бөлігінде ішкі сауда ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін пысықтау

Байберекет сауда бойынша проблемалық мәселелерді шешу мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігімен 2016 жылғы 25 мамырда Қарағанды қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» №21/10 Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысы қабылданды.
Сондай-ақ Қарағанды қаласының әкімдігімен бойынша, қаладағы Қарағанды қаласында бейберекет сауданың жолын кесу және көшпелі сауда қағидаларын түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

40

Коммуналдық сауда алаңдарын арттыру және мұқтаждарды коммуналдық сауда алаңдарымен қамтамасыз ету

Инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде апта сайын демалыс күндері Қарағанды қаласы бойынша ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі. Орындар қатысушылар үшін тегін негізде ұсынылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен іске асыру мақсатында 23 әлеуметтік павильон жұмыс істейді.
Сондай-ақ, саяжай және қосалқы учаскелер иелерінің өнімдерін іске асыру  үшін жағдай жасау бойынша 2016 жылғы 25 мамырда Қарағанды қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» №21/10 Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысы қабылданды және қала бойынша 19 орын анықталды.

41

Сауда нысандары әкімшіліктерінің алаңдарды жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген және/немесе еңбек қатынастарын ресми рәсімдемеген жеке тұлға-жалгерлерге ұсынуын бақылауды жетілдіру бойынша мәселені пысықтау

2016 жылдың басынан Қарағанды қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы бастап мемлекеттік кірістер органдарында тиісті тіркеусіз жүзеге асыру бойынша30 факті анықталды. Оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркелген 20 кәсіпкерлік қызметшілер.
Жоғарыда көрсетілген фактілерді анықтау және ескерту бойынша профилактикалық және басқа да іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.
2016 жылы Қарағанды қаласының мемлекеттік кірістер басқармасында  базар аумағындағы жеке кәсіпкерлер ретінде барлығы 457 тұлғалар есепке алынды, оның ішінде 393 – патент негізінде, оңайлатылған декларация бойынша – 61, жалпы салынған сұрақ салық салу режимі бойынша – 3.
2017 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тіркелген салық төлеушілердің нәтижелеріне сәйкес, жеке табыс салығын бюджетке түсуіне байланысты 1331,0 мың тенге, әлеуметтік салық 301,2 мцң. тенгеге қамтамасыз етілді.

42

Кең көлемдегі түсіндіру жұмысын жүргізумен ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін тұрғындарды формализациялау бойынша жағдайлар мен ынталандыру шараларын жасау бойынша жұмысты жалғастыру

2015 жылы Қарағанды қаласының ауыл шаруашылық бөлімімен кең көлемдегі түсіндіру жұмысын жүргізумен ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін тұрғындарды формализациялау бойынша жағдайлар мен ынталандыру шараларын жасау бойынша жұмыс өткізілді..


Дата cоздания: 24 Февраля 2017 13:39
Дата редактирования: 24 Февраля 2017 13:40

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина