Қарағандыда
  • USD 385.42
  • EUR 424.58
  • RUB 6.00
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Құрметті қарағандылықтар!

Құрметті қарағандылықтар!

Қазақстандағы іргелі өндірісті өлке орталығы саналатын қазыналы Қарағанды қаласының құрылғанына биыл 78 жыл толып отыр. Қара алтынды Қарағанды кеншілер астанасы, ғарыш айлағы, Отанымыздың индустриалды жүрегі деген атақ-даңққа ие болса, Евразия кеңістігіндегі өнеркәсібі, ғылым мен мәдениеті дамыған орталық ретінде де кеңінен танымал. Облыс орталығының өсіп-өркендеп, дамуына қаламызда мекен ететін, ынтымақ-бірлігі жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір кісідей атсалысып келеді.

Азаттықтың арайлап атқан ақ таңының арқасында Егеменді елімізбен бірге гүлденіп, жаңаша бір түрге енген кенді өлкеміз жыл өткен сайын көркейіп жайнай түсуде. Жаңадан салынған өндіріс орындары, тұрғын үйлер, мәдени-әлеуметтік ғимараттар, спорттық кешендер, денсаулық сақтау және білім ордалары пайдалануға берілуде. Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салаларда жоғары қарқынға қол жеткізіп келе жатқан облыс орталығының осындай биік деңгейден көрінуіне ардагерлер мен майталман мамандардың қосқан үлесін ерекше атап өткеніміз жөн.

Еңбек даңқымен атағы алысқа жеткен Қарағандының қарыштап дамуына кеншілер мен құрылысшылар, қуат көзін өндірушілер, көлік және байланыс саласының, басқадай да жетекші сала мамандары біліктілігі мен қажыр-қайраттарын жұмсаса, қазіргі таңда бұл үрдіс өзінің игілікті жалғасын тауып келеді. Жеткен жетістікті одан әрі еселей түсіп, аға буын өкілдерінің дәстүріне дақ түсірмеу мақсатындағы қарағандылықтардың бүгінгі қарқыны көз қуантарлықтай.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері туралы тоқтала келе, біз барлық күштерді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз», - деп атап өткен болатын.

Береке-бірлігі жарасқан қарағандылықтардың бұл талап биігінен көріне білетіндігіне сенімдіміз.

Жасампаздық пен жарастықтың тал бесігі болған киелі өлкеміздің келешегінің кемел болуы жолындағы қарағандылықтардың еңбегі еселене берсін деген ниетпен, барлық тұрғындарды қала күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Қадірлі жерлестер!

Сіздердің шаңырақтарыңыздан шаттық кетпей, табыс пен молшылыққа кенеле берулеріңізге тілектеспіз. Қазыналы Қарағандының даңқы асқақтай берсін!

Қарағанды қаласының әкімі

Б. Әбдішев

\"\"

Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина