Қарағандыда
  • USD 386.44
  • EUR 428.37
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Көлік, автокөлік жолдары

  
 
 
Қарағанды қаласында «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» мен «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламаларының орындалу тұрғысындағы, автомобиль жолдарын орташа және ағымды жөндеу жұмыстары туралы.
Қалада 25 толассыз магистралды жолдар бар. Автомобиль жолдарында 4 көпір, 10 өтпежол, 592 нөсер қабылдаушы бар.  
Қалалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 981,9 км.
Қалалық маңызы бар жолдардың жалпы саны 731 жолды құрайды, оның 250 күтіліп ұсталады, алаңы – 4 694,616 тыс. м2, ұзындығы 443,3 км, оның 421,4 км жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.  
Қалалық маңызы бар автомобиль жолдары асфальтбетон жабынымен (509,8 км - 54,15%, қиыршық-шағыл жабыны (309 км – 31,47%) және қара жолдармен (163,1 км – 14,38%) ұсынылған.
Жалпы алғанда, Қарағанды қаласының 27 ең апатты жол учаскелерінің жөнделуіне жалпы ұзындығы 42,55 км ағымды жылы 2 млрд. 941 млн.тг. қарастырылған, оның ішінде 2 млрд. 136 млн.тг. облыстық бюджеттен, 805 млн.тг қалалық бюджеттен.  
Жөндеу жұмыстары 2 кезеңге бөлінген: бірінші кезең бойынша 14 көшеде жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Бірінші кезең, Республика даңғылынан басқа, тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.Ол бойынша жұмыстар қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр, себебі, бұл жоба Шахтерлер даңғылы бойынша «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша жылу желілерінің ауыстыруымен қиылысып отыр.  
12 көше бойынша, ол Молоков, Прогресс, Вокзал алаңы, кіші Н.Әбдіров, Әлиханов, Зональная, 137 есеп кварталы (ұшу алаңы), Кувская - .Луговая к, 12 ықшамауданның орам ішіндегі жол (Горняк) базарының маңы,Совхозная көшесі,Сантехническая көшесінен бастап 967 бағанға дейін, К.Маркс көшесіндегі жолдың бөлігі, Р.Люксембург көшесі бойынша, Винницкая көшесінен әскери бөлімге дейін, Менделеев көшесі, 15 магистраль (өтпежол) конкурстық рәсімдер аяқталды, қазіргі таңда шарттар жасалып жатыр. Жұмыстарды шілде айының аяғында бастап, қыркүйек айында яқталады деп жоспарланып отыр.  
Қала, Михайловка секторы бойынша  2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін Бұқар жырау, Н.Әбдіров, Терешкова, Кривогуз, Чкалов көшесі, Бейбітшілік бульвары бойынша орташа жөндеулер өтті, ағымды жылы осы көшелерге жататын учаскелердің орташа жөндеу жұмыстары өткізілді:   
- Сәтбаев көшесінің орташа жөндеуі (224,5 млн.тг). Мердігерлік ұйым«Улар МК» ЖШС, техникалық бақылауды  «Ешкеев Азат Изатович» ЖК жүзеге асырады, Гоголь көшесінен Бұқар жырау даңғылына дейінгі учаске жабылды (сол жағы). Ұзындығы 2,72 км учаске кешенді түрде ұсақталған-мастикалық асфальтбетонмен, гранит бордюрмен, техникалық тротуармен жөнделеді.  
Қазіргі кезде Гоголь көшесінен Бұқар жырау даңғылына дейінгі жолдың төменгі қабаты жабылды (оң жағы), борт тастарының құрылғысы  90 % пайызға аяқталды. Аталған учаскеде мердігерлік ұйыммен жаяу жүргінші тротуарын құрып жатыр, барлық ұзындыққа гүлзар ішінде. Орындалуы 30% құрап отыр.
- Волгодонская к орташа жөндеуі (105,2 млн.тг.).Мердігерлік ұйым «Ремиксер» ЖШС, техникалық бақылауды «Ешкеев Азат Изатович» ЖК жүзеге асырып отыр. Ұзындығы 2 км учаскедегі жолдың үстінгі және астыңғы беті ауыстырылды, 5 аялдама қалтасы құрылды.Қосалқы көшелерге апаратын кірістерді жайғастыру жүргізілді.  Орындалуы 90% құрайды.
- Крылов көшесінің орташа жөндеуі (60,3 млн.тг.). Мердігерлік ұйым «ДорСтройУДТ» ЖШС, техникалық бақылауды «КызметИнжиниринг» ЖШС жүргізеді. Ұзындығы 1 км құрайтын учаскеде асфальтбетон жабынының 2 қабатын орнату, 100 автокөлікке тұрақ орындары анықталып 510 м құрайтын тротуар жолы құрылды, оның ішінде бюджеттен тыс қаражатқа 300 м учаскеде Ипподромная көшесінен бастап Крылов көшесі, №4 үйге дейін.  
Аталған учаскеде фрезерлеуден кейін Охотская көшесінен Ипподромная көшесіне дейінгі жолда гоорельник пайдаланды. Кепілдік 3 жылға орнатылған соң, мердігерлік ұйым негізін 1 метрге ауыстырып жатыр. Қазіргі кезде жол негізі бойынша жұмыстар аяқталды, кардиологиялық орталық ауданында бордюрлер орнатылып, тұрақ қалталарын орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Орындалуы 20%.
- Космонавттар көшесінің орташа жөндеуі (135,8 млн.тг). Мердігерлік ұйым «Караганды Жолдары» ЖШС, техникалық бақылауды «Стройтехнология» ЖШС жүргізеді. Аталған учаскеде ұзындығы 4 км асфальтбетонның 2 қабаты және Штурманская көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі тротуар жолы салынады.  
Қазіргі кезде 7 магистральдан Штурманская көшесіне дейін асфальтбетон қосындысының жоғарғы бетін жабу бойынша жұмыстар аяқталды (жеке сектор) қалыңдығы 7 см, және тротуар жолдары орнатылды. Орындалуы 15 %.
- Пичугин көшесінің орташа жөндеуі (жеке сектор бойынша) (29,7 млн.тг.). мердігерлік ұйым «ЖібекЖолы» ЖШС, техникалық бақылауды «КызметИнжиниринг» жүзеге асырады. 
Аталған учаскеде асфальтбетон жабынын құру бойынша жұмыстар аяқталды. Жүзеге асыру барысында тұрғындар тарапынан ұзындығы 90 м асфальтбетон жабынын сақтау туралы ұсыныстар келіп тұрды. Одан кейін депутаттардың, көше тұрғындарының қоғамдық кеңесінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, аралықтарды қалдырмау бойынша шешім қабылданды, себебі, аталған учаскеде ақаулықтар шұңқырлардың пайда болуына әкеледі. Жұмыстар аяқталды.  
- Мұстафин көшесінің орташа жөндеуі (6,6 млн.тг.). Мердігерлік ұйым «КазакЖолы 2050» ЖШС, техникалық бақылауды  «КызметИнжиниринг» жүзеге асырады. 
Аталған учаскеде корытоны кесу және қалыңдығы 7 см бір қабатты асфальтбеонды жабу қарастырылып отыр.  
Шығу кезіндегі тексеріс Бакинская көшесі, 72 үйдің аумағындағы Қазақтелеком бағаны мен жылу желілері бойынша сауалмен кездестік. Өтетін бөлікті кеңейту үшін жылу желілерін үйдің қасына жақынырақ әкелу және байланыс желісінің бағанын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Онымен қатар, «Қарағанды Су» ЖШС қайта ойым жасады, сондықтан да жұмыстар жоспарланған мерзімнен кеш басталды.  
Қазіргі күнде жол негізінің кесілуі және төгу бойынша жұмыстар басталды. Аталған учаске бойынша жұмыстар көлемі үлкен емес, жұмыстар мерзімінде аяқталады.  
- Баженов көшесінің орташа жөндеуі (51,3 млн.тг.). Мердігерлік ұйым «ДорСтройУДТ» ЖШС, техникалық бақылауды «КызметИнжиниринг» ЖШС жүзеге асырады.
Жол төсемінің үстінгі қабатын құру бойынша жұмыстар жүргізілді, қазіргі күнде жұмыстар аяқталды. 
Оңтүстік-Шығыс секторы.
- Республика даңғылы бойынша өрташа жөндеу (510,8 млн.тг.). Мердігерлік ұйым «РСУ по ремонту дорог» ЖШС, техникалық бақылауды «Стройтехнология» жүзеге асырады.
Қазіргі таңда Мұқанов көшесінің Шахтерлер даңғылына дейінгі учаскеде граниттік борт тастары және ұсақталған мастикалық асфальтбетонның үстіңгі қабаты орнатылды 
Төмеңгі қабатты салу жұмыстары Шахтерлер даңғылынан Гудермесская көшесіне дейін жүрып жатыр. Жалпы орындалуы 50%.
- Мұқанов көшесінің орташа жөндеуі (324,4 млн.тг.). Мердігерлік ұйым «СапаЖолСтрой» ЖШС, техникалық бақылауды  «КызметИнжиниринг» ЖШС жүзеге асырады. 
Орташа жөндеу шеңберінде Степной-4 ықшамауданының №4,5,6 үйлерінің «Балақай» б/б ауданында 140 автокөлікке тұрақ құрылып, барлық заңсыз шығулар жабылып жатыр, автостанцияда негізгі тұрақтан автобустардың ретсіз шығуын шектейтін қауіпсіздік аралшығын орналастыру және ұзындығы 1500 п.м. тротуар жолын салу жоспарланнып отыр.  
Қазіргі таңда Бөкетов көшесінен Степной-1,2,3,4 орам ішіндегі жолдың төмеңгі қабатын құру бойынша жұмыстар өткізілді, ҰМА жабу жұмыстарынан кейін учаске ашылады. Орындалуы 40%.
- Язев к орташа жөндеуі (100,9 млн.тг.). Мердігерлік ұйым  «КарагандыЖолКурылыс» ЖШС, техникалық бақылауды «КызметИнжиниринг» жүзеге асырады. 
Аталған учаске бойынша екі қабатты жол төсемін орнату, 70 автокөлікке арналған тұрақ орындарын құру жұмыстары өткізілді, аталған көшені қауіпсіздік нормативтеріне сәйкес келтірілді, аялдама павильондарының кіру қалталары ауыстырылып, тереңдетілді, жаяу жүргінші жолдары СНИП талаптарына сәйкес келтірілді.  
Жол төсемінің астыңғы қабатын орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, Орындалуы 30%.
- Көпеев көшесі бойынша орташа жөндеу (96,5 млн.тг.). Мердігерлік ұйым «РСУ по ремонту дорог» ЖШС,техникалық бақылауды «КызметИнжиниринг» ЖШС жүргізеді. 
Аталған көше бойынша жол төсемінің екі қабатын орнату, 50 автокөлікке арналған тұрақ орындары бойынша жұмыстар жүргізілді. Онымен қатар, тұрғындардың көптеген талаптары бойынша №5 емхананың қасында аялдама қалтасы орналастырылды. Орындалуы 95 % (таңбалау қалды).   
Майқұдық секторы.
- Архитектурная к бойынша орташа жөндеу (10,7 млн.тг.). Мердігерлік ұйым «РСУ по ремонту дорог» ЖШС, техникалық бақылауды «КызметИнжиниринг» ЖШС жүргізеді. 
Аталған учаске бойынша жұмыстар 29 сәуірде басталып, 5 мамырла аяқталды. Жалпы алаңы 1 300 м2 асфальтбетон жабылды, 10 автокөлікке  тұрақ қалталары салынды. Орындалуы  100%.
- Бабушкин көшесінен Каретная көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстары (32,9 млн.тг.). Мердігерлік ұйым                          «ЕвразияЖолдары» ЖШС, техникалық бақылауды «КызметИнжиниринг» ЖШС жүзеге асырады. 
Аталған учаске бойынша асфальтбетон жабынын орнату жұмыстары жүргізілді. Жеке сектордан суды бұру үшін диаметрі 800 мм су бұратын құбырды орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, орындалуы 100%.
- 14 ықшам аудан бойынша орам ішіндегі жолдың орташа жөндеуі                 (23 млн.тг). Мердігерлік ұйым «ИсламКЗ» ЖШС, техникалық бақылауды «КызметИнжиниринг» ЖШС жүргізеді. 
Аталған учаскеде корытоны кесу бойынша жұмыстар орнатылды. Орындалуы  10%.
Ағымды жөндеу
- ағымды жөндеу жоспарланған жалпы алаңы– 85,7 мың м2, сомасы – 224,1 млн. тг. Қала, Оңтүстік-Шығыс,  Михайловка және Федоровка секторларында аға мердігер -«Адал Инжиниринг» ЖШС жалпы алаңы 62 623 м2, (65%)   Майқұдық, Пришахтинск, Сортировка және Узенка секторлары бойынша конкурс жеңімпаздары «Ислам Кз» ЖШС жалпы алаңы 28 200 м2. (35%).
Жұмыстар кестесі әзірленіп, қол қойылды. Қазіргі күнге Қазыбек би ауданы бойынша 48 089 м2 орындалды, ол қаланың 39 көшесі: Гоголь көшесі жүру қамтамасыз етілді, Складская к, вокзал алаңы (уақытша шаралар), Гудермесская к, Тәттімбет к және т.б.
Октябрь ауданында 18 көшеде жұмыстар өткізілді, олар: Зелинский к, Методическая, 12 ықшамауданның айналма жолы, Архитектурная,  Лиговская, Көгілдір тоғандардың орам ішілік жолдары, Л.Чайкина, Дружба, Зелинский көшесі автобекетімен, 17 бағыт және т.б. жалпы алаңы 23 289 м2.
Онымен қатар, ағымды жылғы жөндеу шеңберінде қосымша мердігерлерді жұмылдыру күшімен қиын учаскелер бойынша жұмыстар жүргізілді, мысалы, Айман дүкеніне кіру және Ермеков к,62 алаңы, 40м3 батпақ шығарылды, ұсақтас негізі мен асфальтбетон жабыны салынды. Бұл учаскеден су бұру сұрағы шешілді. 
Қазіргі таңда Орбита ықш. Карагандинец дүкенінің аумағында орам ішіндегі жол мен аялдама қалтасын көркейту жұмыстары жүргізілді. Судың жиналуы бойынша мәселе шешілді. Жұмыстарды атқару кезінде депутаттар мен тұрғындардың ескертулері есепке алынды.  
Сондай жұмыс Бұқар жырау, 76 және Ермеков көшесі,21 аралығында атқарылды. «Көркейту» КМК күшімен алдын-ала нөсерлік кәріз қалпына келтірілді.  
 
 

Дата cоздания: 25 Июля 2016 14:41
Дата редактирования: 02 Августа 2016 19:36

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина