Қарағандыда
  • USD 384.87
  • EUR 432.52
  • RUB 6.11
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қаланың бекiтiлген бюджетi

Қарағанды қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджетінің жобасы тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 23 084 916 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 12 274 918 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 89 208 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 2 086 232 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 8 634 558 мың теңге;
2) шығындар – 23 469 222 мың теңге;
3) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 50 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтер алу – 50 000 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы  – 434 306 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 434 306 мың теңге, оның ішінде:
қарыздардың түсуі – 849 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 440 000 мың теңге;
пайдаланылатын бюджет қаражаттарының қалдығы – 25 306 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52 бабының                          1 тармағына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихатының 2009 жылғы                       12 желтоқсандағы ХХІ сессиясының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 262 шешімімен Қарағанды қаласының бюджетіне аударымдардың нормативтері келесі мөлшерде бекітілген:
жеке табыс салығы бойынша – 50 пайыз;
әлеуметтік салық бойынша – 50 пайыз.
3. 2010 жылға арналған қала бюджеті түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен 578 964 мың теңге сомасында субвенция көзделгені ескерілсін.
4. 2010 жылға арналған қала бюджеті шығыстарының құрамында                              бюджет саласындағы еңбекақы төлеу қорының өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 379 436 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
5. 2010 жылға арналған қала бюджетінің түсімдері мен шығындарының құрамында 4 қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер көзделгені ескерілсін.
6. 2010 жылға арналған Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының және Октябрь ауданының бюджеттік бағдарламалары 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7. 2010 жылға арналған Қарағанды қаласы әкімдігінің резерві 289 007 мың теңге сомасында бекітілсін.
8. 2010 жылға арналған қала бюджетінің атқарылу процесінде секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
9. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

ІV шақырылған Қарағанды
қалалық мәслихатының кезекті
XХVІІІ сессиясының төрағасы                                            Ж. Мұхтаров

Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы                                                      Қ. Бексұлтанов


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина