Қарағандыда
  • USD 385.42
  • EUR 424.58
  • RUB 6.00
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қарағанды қаласының 2016 жылғы І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Қала халқының саны 2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 499,6 мың адам, бұл 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,5 мың адамға артық.
2016 жылғы қаңтар-маусым айларындағы орташа айлық жалақы –   123 мың 311 теңге, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 8,3% артық.
2016 жылғы І жартыжылдығындағы жалпы қаржылық емес сектор бойынша  шығарылған өнім көлемі 143802,7 млн.теңге құрады, НКИ – 106%. 
Соның ішінде ірі және орта кәсіпорындар бойынша – 105572 млн.теңге, НКИ – 104%.
Төмендегі салалар бойынша оң серпін байқалады:
- өңдеу өнеркәсібінде – 58636,9 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 127% және 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 128%. НКИ – 106,6%;
- электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында – 41799,9 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 102,8% және 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 106,3%. НКИ – 107,9 %;
- сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында – 41747,5 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 98,1% және 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 118,3%. НКИ – 112,6%.
Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласындағы НКИ-дің 16,1% төмендегені байқалады. НКИ – 83,9 %.
Қаланың ірі, орта кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан негізгі капиталға инвестициялар 40233 млн.теңге сомада игерілген немесе жоспарға 104,2% және 2015 жылғы көрсеткішке 105,2%. НКИ – 101,2%.
Экономиканың нақты секторында 117 жаңа жұмыс орны құрылған немесе жоспарға қарағанда 136% және 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 61,9 %.
Есепті кезеңде шағын және орта кәсіпкерліктің жоспарлы көрсеткіштері орындалған.
Бөлшек сауда тауарларының айналымы 234571,4 млн.теңге және жоспарға 114,8%  құрады, 2015 жыл көрсеткішіне 115% НКИ – 96,4%.
ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі  905,1 млн.теңге немесе жоспарға 169,6%. НКИ – 111,1%.
Оның ішінде егін шаруашылығы - 100%, мал шаруашылығы – 114,4%.
Қала бюджетіне түсімдердің көлемі - 19454,3 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 102,2% және 2015 жылдың тиісті кезеңіне 122,1%.
Түсімдердің үш санаты бойынша болжамның орындалуы – 13801,9 млн.теңге немесе жоспарға 103,1% және 2015 жыл көрсеткішіне қарағанда 103,9%.
Ағымдағы жылдың басынан бастап салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі (РБ + ЖБ) өсімінің қарқыны өткен жылдың деңгейіне қарағанда 33,9% өсті.
Қала бюджетінің шығыстары 18843,8% млн. теңгені немесе жоспарға 99,9% және 2015 жылдың көрсеткішішне 120% құрады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алудан бюджетке түсімдер жоспарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тұрғын үй қорына түгендеу жүргізіледі.
Қаладағы басқару түрі жоқ 638 тұрғын үйдің тұрғындарымен жиналыстар өткізіледі және ПИК және Басқару компанияларын құру қажеттігі түсіндіріледі.
75,8 мың м2 тұрғын үй енгізілді немесе жоспарға 100,5% және 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 101,9%. Оның ішінде: «Самұрық Қазына» ҰҚ арқылы - 14,5%, Бесоба тұрғындары үшін 18,1%, жеке меншік тұрғын үй құрылысына -  43,6%, коммерциялық тұрғын үй 24,1% енгізілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі – 14742,4 млн.теңге немесе жоспарға 94% құрады. 2015 жылдың тиісті кезеңіне НКИ – 91,8%.
Көліктің барлық түрлері бойынша тасымалданған жүк көлемі  2426,4 мың тонна құрады, жүк айналымы – 356,4 млн. теңге, бұл 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 14%  және 13,2% жоғары.
Жолаушылар айналымы - 749 млн. жкм. және 2015 жылдың көрсеткішіне 104% құрады.
Көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жолаушылар көлемі бойынша серпіннің төмендеуі 2015 жылдың көрсеткішіне 94,2% немесе 49364 адам сақталған.
Есептік кезең аяғындағы жағдай бойынша жұмыссыз ретінде есепте 2114 адам тұр, 2015 жылдың көрсеткішіне қарағандағы өсім – 1,7 есе.
Аз қамтылған азаматтар базасында 147 отбасы/478 адам тұр, 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 54,6% төмен.
Атаулы және әлеуметтік көмектер уақытылы және толық көлемде көрсетіліп тұрады.
Білім беру саласында 1 жастан 6 жасқа дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 89,6%, 3жастан  6 жасқа дейін – 96,3% құрайды.
«Лесок», «Гвоздичка», «Әділет», «Киндерленд», «Эрфольг», «Ақерке», «Әсем-ай», «Растём вместе», «Алтын бесік», «Ақжарқын», «Баспалдақ», «Дарын бала», «Балапан» сынды 13 жеке меншік балабақшада – 1924 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Оның ішінде 262 орын а.ж. маусым айында орналастырылды.
Жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер саны 2 балабақшаға артты: «Дарынды бала» (Луговая көшесі, 50 орын),  «Babu clab» (Майқұдық, 60 орын).
Кең Дала ықшамауданындағы 320 орындық балабақшаның құрылысы жалғастырылуда.
1-11 сынып оқушыларының саны 56590 баланы құрайды. Қазақ тілінде оқытылатын оқуышлардың саны жалпы санынан 35,6% құрайды.
«Кең Дала» ықшамауданындағы 1200 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталуда, ол жақын жердегі мектептерді жеңілдетуге және жаңа ықшамаудандар салуда туындаған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
ҰБТ-2016 қорытындылары бойынша Қарағанды қаласы мектептерінің орта ұпайы 83,4 ұпайды құрайды, яғни өткен жылға қарағанда 0,8 ұпайға жоғары.
Есептік кезеңде 2860 мәдени-көпшілік ісшара және 158 бұқаралық спорт ісшаралары өткізілді, немесе 92,6% және өткен жыл деңгейіне 102,6% құрайды.
2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда бала туу деңгейінің - 3,8 % артқаны, өлім-жітім деңгейі – 0,3% төмендегені, туберкулезбен сырқаттану деңгейі - 33,2% төмендегені, аналар өлім-жітімі - 332% төмендегені байқалады.
Сонымен қатар, жаңа туған сәбилердің өлім-жітімінің 33,7% өскені  байқалады.
Құқық қорғау блогы аясында қылмыскерлік деңгейі 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 10,9% (10 мың тұрғынға шаққанда) мөмендеген.
Ауыр және өте ауыр қылмыстарды ашу деңгейі өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 106,3% құрады.


Дата cоздания: 10 Августа 2016 13:01
Дата редактирования: 14 Марта 2017 11:02

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина