• 4813 барлығы
  • 49 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Даму көрсеткіштері

«Қарағанды қаласының 2018 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»

Қала халқының саны 2018жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 501,2 мың адам.

2018жылдыңІ тоқсанындағы  орташа айлық жалақы –  141 мың 706 теңге, бұл 2017 жылдың көрсеткішінен 12,3% артық.

2018жылдың І тоқсанындағыжалпы қаржылық емес сектор бойынша  шығарылған өнім көлемі 90506,6млн.теңге құрады, НКИ – 112,5%. 

Сондай-ақ ірі және орта кәсіпорындар көлемінің 7,9% -ға өсуі байқалады. (НКИ-106,2%)

Төмендегі салалар бойынша оң серпін байқалады:

- кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында860 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 137,6% және 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 171,9%. НКИ – 245%.

- өңдеуші өнеркәсібі саласында29724,1 млн. теңге немесе жоспарға қарағанда 105,7% және 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 109,6%. НКИ – 114.5%;

-электрмен жабдықтау, газ, бу беру  және ауабаптау  саласында – 26991,8 млн. теңге немесе жоспарға қарағанда 100,7% және 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 104,7%. НКИ- 101,5%;

- сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылаусаласында2171,1 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 100.1% және 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 108,7%. НКИ – 101,9%.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларының 2018жылдың 3 айындаөндіріс көлемі 17 млрд. теңге немесе 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 143,9% (12,5 млрд. теңге), соның ішінде 28 жоба бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды.

Ауыл шаруашылығы және орман, балық шаруашылығы  өнімінің жалпы көлемі – 424,2 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 102,7%. НКИ – 100,9%.

Соның ішінде өсімдік шаруашылығының НКИ-і – 100%, мал шаруашылығының НКИ-і – 101,3%

Ет өндіру – 0,6%,сүт өнімі – 0,8% жұмыртқа өндіру – 2,3%, қарқындағаны байқалады.

Жылқы басы – 40,9%, қой мен ешкі басы – 0,7%, шошқа басы – 6,5% артқан.

Экономиканың нақты секторында 122 жұмыс орны құрылды немесе жоспарға қарағанда  100%.

Қаланың ірі, орта кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан негізгі капиталға салынған инвестициялар 14250,3млн.теңге сомасында игерілген немесе жоспарға қарағанда 130,5%.НКИ – 128,5%.

2018 жылдың І тоқсаны ішіндешағын және орта кәсіпкерліктіңнегізгіжоспарлы көрсеткіштері орындалған:

- ШОБ жұмыс істейтін субъектілерінің саны 39373 бірлікті құраған, немесе 2017 жылдың  көрсеткішіне қарағанда 102%.

- шағын және орта кәсіпкерлікте 122145 адам жұмыспен қамтылған немесе 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 100,2%.

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімдер, орындаған жұмыстар мен қызметтер көлемі90305 млн.теңге құрады немесе 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 102,5%.

Бөлшек сауда тауарларының айналымы147624,4млн.теңге немесе жоспарға қарағанда113,6% құрады, 2017 жыл көрсеткішіне қарағанда 118,1%. НКИ – 110,4%.

2018 жылдың І тоқсанындағы  қала бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі13734,1млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 106,6% және 2017 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 165,7%.

Түсімдердің үш санаты бойынша болжамның орындалуы – 13016,7млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 106,9% және 2017 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 162,5%.

Салықтық және салықтық емес түсімдер(облыстық бюджет + жергілікті бюджет) көлемінің өсім қарқыны 2017 жылдың көрсеткішіне қарағанда 31,2% артып, 16762,9 млн. құрады.

Қала бюджетінің шығыстары6753,2млн. теңгені немесе жоспарға қарағанда 99,8%.

72,8 мың м2 тұрғын үй енгізілді немесе жоспарға қарағанда 162,1% және 2017 жылдың көрсеткішіне қарағанда 164,5%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 6329,6 млн.теңге құрады немесе жоспарға қарағанда 223,1%. НКИ – 223,9%.

Көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жүк көлемі3170,7мың тонна құрады. Бұл 2017 жыл көрсеткішінен52,4% астам. 2017 жылға қарағанда көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жолаушылар көлемі бойынша өсім – 12,2%, жолаушылар  айналымы бойынша – 11,5%.

          2018 жылдың І тоқсанында 2,9 млн.теңге сомасында шартты ақшадай көмекжәне 6,0 млн. теңге шартсыз ақшадай көмек төленген.

           Қаңтар айында өмірде қиын жағдайға тап болған жандарға көрсетілетін лөмектен 1 адамға 13784 теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

           Ағымдағы жылдың наурыз айында 796 адамға 1,9 млн. теңге көлемінде айлық әлеуметтік көмек көрсетілді.

Атаулы және әлеуметтік көмектер уақтылы және толық көлемде көрсетіледі.

Мектепке дейінгі мекемелерде – барлығы 20967 бала, оның ішінде балабақшаларда – 20380.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша 41 жеке меншік балабақшаларда 5627 орын, оның ішінде 2018 жыл ішінде 180 орын орналастырылды.

2018 жылдың наурыз айында мемлекеттік тапсырыс бойынша қолданыстағы жекеменшік балабақшалар кеңейтіліп 180 жаңа орын ашылды ( «Алақай» - 85 орын, «Джинн» - 50 орын, «Эрфольг» - 10 орын, «Еркетайым» - 15 орын, «Айым» - 20 орын).

Бұдан тыс, МЖӘ жобасы«Армашка», «Одарешка», «Бота» балабақшаларында жүзеге асырылуда (үш жақты шартқа 2017 жылғы қазанда қол қойылған).

Қаланың білім беру ұйымдарында интерактивті жабдықпен жаңа модификациядағы химия, физика, биология пәндерінің 243 кабинеті жабдықталған (облыстық көрсеткішке (69%) қарағанда 77%). Мектептердің барлығына Интернет желісі қосылған.

Тегін тамақтандырумен мектептерде 2740 оқушы қамтылған.

Автоматтандыру мақсатында оқу-тәртіп процессі барысында қаланың барлық мектептерінде «Білімал» автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді.

2017 жылдан бастап барлық мектептер электронды журналға көшірілді. Ал ата-аналар үшін балаларының сабаққа қатысуы мен сабақ үлгерімін онлайн түрде қадағалауға мүмкіндік беретін «Edu-mark» мобильді қосымшасы жұмыс істейді.

2018 жылдың 3 айында  1542 мәдени-көпшілік іс-шара және 78 бұқаралық спорт шаралары  өткізілді, немесе тиісінше 2017 жылдың көрсеткішіне қарағанда100,9% және 113% . Іс-шаралармен 242,7 мың адам қамтылған.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша 2018 жылдың І тоқсанында 2017 жылдың деңгейіне қарағанда бала тууының қөрсеткіштері 3,4%, өлім-жітім деңгейінің 4,4%,аналардың өлім-жітімі деңгейінің 83,3% төмендеп, 3,4% артқан.

Құқық қорғау блогы аясында қылмыскерлік деңгейі 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 1,5% (10 мың тұрғынға шаққанда) төмендеді.

Ауыр және өте ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 2017жылдың көрсеткішіне қарағанда 72,3% құрады.


Дата редактирования: 23 Мая 2018 12:47

Новости Караганды

Фотогалерея

  • 20 Февраля
  • 20 Февраля
  • 20 Февраля
  • 20 Февраля
  • 20 Февраля