Қарағандыда
  • USD 389.62
  • EUR 429.98
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

2015 ЖЫЛҒА ЖӘНЕ 2016 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Білім беру жүйесінде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы іске асырылады, оның басты мақсаттарының бірі білім беру сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру болып табылады.  
Білім беру ұйымдарының желісі ұлғаюда.
Мектепке дейінгі ұйымдар– 80, олардың ішінде

  • жеке меншік – 17, бұл мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан 21% құрайды;
  • мемлекеттік – 63, оның ішінде
  • балабақшалар – 40;
  • шағын орталықтар –20 (барлығы толық күн болатын);
  • «мектеп-балабақша» кешендері - 3 (№ 33, 68, 77 МББК).

4 жеке меншік балабақша ашылды: «Растём вместе»,  «Баспалдақ», «Ақжарқын», «Әсем-ай». 11  жеке меншік балабақшада мемлекеттік тапсырыс орналастырылды: «Лесок», «Гвоздичка», «Ақерке», «Әділет», «Киндерленд», «Растём вместе» «Баспалдақ», «Ақжарқын», «Эрфольг», «Әсем-ай», «Алтын бесік».

Одан басқа Кендала шағын ауданында 320 орынды мемлекеттік балабақшаның құрылысы басталды.
Осылайша, 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 87% құрайды, бірақ үлкен орын тапшылығы сақтала береді – 3-6 жас аралығындағы 6 мыңнан аса бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылмаған.
Мектептен тыс ұйымдар саны– 15, олардың ішінде 5 жеке меншік. Қосымша білім берумен 9800 бала қамтылған. 2013 жылғы қаңтарда Сұрыптауда 300 орынды БЖС филиалы ашылды, соның есебінен қосымша білім берумен қамту ұлғайды және   18,8 % құрайды, бұл білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында жоспарланған көрсеткіштен 6% төмен. Балаларды қосымша білім берумен қамтудың ең төменгі көрсеткіші Пришахтинскіде, Майқұдықта және Оңтүстік-Шығыста.
Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер – 78, оның ішінде:

  • орта –55;
  •  негізгі –23;
  • инновациялық – 14;
  • мектеп-интернаттар – 3 (№№ 4, 22, 68);
  • кешкі сыныптармен– 4 (13, 46, 60, 100 ОМ).

Жеке меншік мектептер – 6.

1-11 сыныптардағы оқушылар саны 56590 оқушыны құрайды, олардың ішінде қазақ тілінде оқитындар – 20125 (жалпы саннан 35,6%).
Апатты мектептер жоқ. 2014 жылғы қыркүйектен бастап үш аусымды оқыту бір мектепте жүргізіледі - № 101 мектеп-лицейде, онда 1200 адамға арналған жобалық қуаттылық кезінде 2495 оқушы оқиды, яғни шамадан тыс толу  200% құрайды.
Мектептерді қазіргі заманғы құрылғылармен және пән кабинеттерімен жабдықтауға басты назар аударылады.


2013 жыл мен 2015 жыл аралығында 55 пән кабинеті, 48 технология кабинеті, бес мектеп үшін автокөліктер және жаттығу құралдары (51, 100, 5, 13, 101) сатып алынды. Осылайша, білім беру ұйымдарында 219 пән кабинеті бар. Алғаш рет 2015 жылы 5 робототехника кабинеті сатып алынды. Мамандандырылған пән кабинеттерімен (мультимедиялық, физика, химия, биология) қамтамасыздық көрсеткіші - 63%.
Мектеп жиһаздары кезең-кезеңмен жаңартылып жатыр, жаңа жиһазбен жабдықталу  86% құрайды.
Барлық мектептерде интерактивті жабдықтар орнатылды. Интернет  желісіне 100% қосылған. Барлық білім ұйымдарының жеке сайттары бар. 43 (54,4%) білім ұйымында электронды оқыту жүйесі (e-learning) енгізілуде. Интерактивті тақталар – 446, оның ішінде 16 подиум. Қала мектептерінің компьютер паркі 9496 машинаны құрайды, 1 компьютерге 6,2 оқушыдан келеді. 77 мектепте бейнебақылау бар. Барлық мектептерде дала жаттығу құрылғысы, 32 мектепте корттар орнатылған, спорттық құрал-жабдықтар – шаңғылар мен доптар сатып алынды - барлық мектептер үшін. 2013 жылғы желтоқсанда №2 лицейдің спорт залы салынды.
Білім беру ұйымдары білікті кадрлармен жабдықталған: 7413 педагогтың 6849 жоғары білімді.
Жасалып жатқан жағдайлар оқытудың сапасын арттыруға ықпал етеді. Жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері (математика, жаратылыстану, алгебра, геометрия, физика, химия, география)  бойынша білім сапасы 1-11 сыныптарда 61,2% құрайды. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері (қазақ, орыс, шетел тілдері, әдебиет, тарих) бойынша 1-11 сыныптардағы білім сапасы 69,2% құрайды.
2015 жылғы ҰБТ орташа баллы 82,6 құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2,2 баллға жоғары. «Алтын белгі» белгісіне 46 үміткердің 28 өз білімдерін растады, бұл 61 % құрайды. Үздік аттестатқа 19 үміткердің ішінде 7 түлек өздерінің білімдерін растады, бұл 36,8% құрайды. ҰБТ қорытындысы бойынша 2015 жылы қала облыс аймақтарының арасында 4 орынға ие болды (2014 жылы -5 орын).
Қарағанды қаласының командасы 9 жыл бойы оқушылардың Республикалық олимпиадасы облыстық кезеңінің жеңімпазы болып келеді. 38 оқушы халықаралық олипиадалар мен ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары болып табылады.
Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарында мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен оларды қоғамда бейімдеу бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі. 27, 25, 54 мектептер, «Алмагүл» балабақшасы инклюзивті білім беруді енгізу бойынша пилоттық алаңдар болып табылады.
Шағын аудандарға тіркелген мектептер есебінің деректері бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар – 1264, олардың ішінде инклюзивті білім берумен қамтылған– 715 (56,6%): жалпы білім беретін мектептердің ТДС оқитындар– 268, үйде оқитындар– 132, мектептердің жаппай сыныптарында– 217, мектепке дейінгі мекемелерде – 77.
Балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балаларына көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі.
Қорғаншылықтағы және қамқорлықтағы балалар – 725, олардың ішінде 717 жәрдемақы алады,  бұл 99,1 % құрайды.
Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 2 мыңнан аса оқушы  Жалпыоқу қоры есебінен тегін ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілді.
Жаз мезгілінде «Салют» балалар сауықтыру орталығында 1300 жуық бала демалады, олардың ішінде көбісі әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балалары.

Осылайша,

  • мектепке дейінгі білім ұйымдарының желісі ұлғайды, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бойынша шамалы динамика байқалады;
  • білім сапасының көрсеткіші және ҰБТ нәтижелері жақсарды;
  • білім жүйесін қаржыландыру әрдайым көбейіп отырады, осының арқасында мектептердің оқу-материалдық базасы едәуір нығайтылды, жеңілдік санатындағы балаларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Бірақ сонымен бірге:

  • мектепке дейінгі мекемелерге үлкен кезек сақтала береді, орындардың жетіспеуі 6 мыңнан асады; 
  • мектеп жасындағы балаларды музыкалық, көркемөнер, техникалық, ғылыми шығармашылықпен қамту білім беруді дамыту Бағдарламасымен жоспарланған көрсеткіштен 6% төмен;
  • қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі жаңа үйлердің салынуына байланысты №101 МЛ шамадан тыс толуы және үшаусымда оқуы орын алады.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылықтары мен қағидалары «Қазақстан -2050» Стратегиясы жаңа саяси бағытын және 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Бағдарламасын іске асыруға бағытталады.  


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина