Қарағандыда
  • USD 386.34
  • EUR 427.25
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

«Қарағанды қаласының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»

Қала халқының саны 2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 499,6 мың адам, бұл 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,5 мың адамға артық.
2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы орташа айлық жалақы –            127 мың 308 теңге, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 9,4% артық.
2016 жылғы  жалпы қаржылық емес сектор бойынша  шығарылған өнім көлемі 310423,2 млн.теңге құрады, НКИ – 105,5%. 
Соның ішінде ірі және орта кәсіпорындар бойынша225489,8 млн.теңге, НКИ – 104,3%.
Төмендегі салалар бойынша оң серпін байқалады:
- өңдеу өнеркәсібінде131241,6 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 130,5% және 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 130%. НКИ – 105,1%;
- электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында83237,4 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 104,6% және 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 112%. НКИ – 113,4%;
- сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында8566,4 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 100,1% және 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 119,7%. НКИ – 112,7%.
Қаланың ірі, орта кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан негізгі капиталға инвестициялар 92145,8 млн.теңге сомасында игерілген немесе жоспарға қарағанда 104% және 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 106,7%. НКИ – 102,3%.
26 жобаның 2016 жылғы өндіріс көлемі 49,3 млрд. теңге немесе 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 176,7% (27,9 млрд. теңге), соның ішінде 24 жоба көрсеткіштерді 100%-дан артық орындаған.
2016 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің жоспарлы көрсеткіштері орындалған.
Шағын және орта кәсіпкерлікте 121320 адам жұмыспен қамтылған немесе 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 103,6%.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімдер, орындаған жұмыстар мен қызметтер көлемі 492465 млн.теңге немесе 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 103,5%.
Бөлшек сауда тауарларының айналымы 526097,1 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 114,8%  құрады, 2015 жыл көрсеткішіне қарағанда 117,5%. НКИ – 100%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі  7523 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 101,1%. НКИ – 103,3%.
Оның ішінде өсімдік шаруашылығының НКИ – 102,8%, мал шаруашылығының НКИ – 107,2%.
Мал мен құстың барлық түрлерінен ет өндіру 10,2%, сүт 4,7%, тауық жұмыртқасы – 2% артты.
Қала бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі48105,3 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 103,2% және 2015 жыл көрсеткішіне қарағанда 124,8%.
Түсімдердің үш санаты бойынша болжамның орындалуы – 29327,4 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 105,2% және 2015 жыл көрсеткішіне қарағанда 103,4%.
Салықтық және салықтық емес түсімдер (ОБ + ЖБ) көлемінің 2016 жылғы өсім қарқыны өткен жылдың деңгейіне қарағанда 10,9% артты.
Қала бюджетінің шығыстары 45865,3  млн. теңгені немесе 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 121,2% құрады.
172,9 мың м2 тұрғын үй енгізілді немесе жоспарға қарағанда 111,2% және 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 111%. Оның ішінде: бюджет қаражаты есебінен – 18,6%, жеке меншік тұрғын үй құрылысы есебінен – 27,1%, коммерциялық тұрғын үй есебінен – 54,3% енгізілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі – 46305,2 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 101,2% құрады.
Көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жүк көлемі  8011,9 мың тонна құрады, жүк айналымы – 775,4 млн. ткм, бұл 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда, тиісінше, 83,7%  және 20,6% жоғары.
Жолаушылар айналымы1516,7 млн. жкм немесе 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 101,4% құрады.
2016 жылы жұмыссыз ретінде есепте 1806 адам тұр, 2015 жылдың көрсеткішіне қарағандағы өсім – 42,2%.
Аз қамтылған азаматтар базасында 142 отбасы/471 адам тұр. 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 43,6% төмен.
Атаулы және әлеуметтік көмектер уақтылы және толық көлемде көрсетіледі.
Білім беру саласында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 90%, 3 жастан  6 жасқа дейінгілерді қамту – 94,1% құрайды.
2016 жылы 320 орындық «Шаңырақ» мемлекеттік балабақшасы, сондай-ақ қала аудандарында 1175 орынға 10 жеке меншік балабақша ашылды.
Жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдарда жаңадан 1654 орын ашылған.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша 20 жеке меншік балабақшада 2988  орын орналастырылды. Оның ішінде 2016 жылы – 1266 орын.
Осылайша, 2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдардағы 3 жастан  6 жасқа дейінгі балалардың кезектілігі 1487 балаға төмендеген.
1-11 сыныптардағы оқушылар саны 59364 баланы құрайды.
№ 101 мектеп-лицейде, 23, 81 ОМ оқыту үш ауысымда жүргізіледі, мектептерді жүктеу пайызы 150% құрайды.
«Кең Дала» ықшамауданындағы 1200 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталды.
2016 жылы 6229 мәдени-көпшілік іс-шара және 272 бұқаралық спорт шаралары өткізілді немесе, тиісінше, 2015 жыл деңгейіне қарағанда 96,3% және 102,6%. Осындай іс-шаралармен 1103,1 мың адам қамтылған.
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша 2016 жылғы 2015 жылдың деңгейіне қарағанда бала туу деңгейінің 10,2% артқаны, жаңа туған сәбилердің өлім-жітімі деңгейінің 5,4%, туберкулезбен сырқаттану деңгейінің 30% төмендегені байқалады.
Құқық қорғау блогы аясында қылмыскерлік деңгейі 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 2,4% (10 мың тұрғынға шаққанда) төмендеген.
Ауыр және өте ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 114,1% құрады.


Дата cоздания: 27 Февраля 2017 14:28
Дата редактирования: 27 Февраля 2017 14:29

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина