Қарағандыда
  • USD 379.19
  • EUR 426.63
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

«Қарағанды қаласының 2017 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»


«Қарағанды қаласының 2017 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»

Қала халқының саны 2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 499,6 мың адам. 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,5 мың адамға артық.
2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы орташа айлық жалақы –            127 мың 308 теңге, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 9,4% артық.
2017 жылғы қаңтар-наурыз кезеңінде жалпы  қаржылық емес сектор бойынша  шығарылған өнім көлемі 77970 млн.теңге құрады, НКИ – 102,3%. 
Төмендегі салалар бойынша оң серпін байқалады:
- кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында 500,2 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 90,5% және 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда 97,9%. НКИ – 121,4%.
- электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында25783,1 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 92,7% және 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда 103,7%. НКИ – 102,8%.
Кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларының 2017 жылғы 1-ші тоқсандағы  өндіріс көлемі 12,3 млрд. теңге немесе 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда 119,7% (10,3 млрд. теңге), соның ішінде 22 жоба бойынша көрсеткіштер 100%-дан артық орындалған.
Экономиканың нақты секторында 231 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жоспарға қарағанда  214%, 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда 436%.
Қаланың ірі, орта кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан негізгі капиталға салынған инвестициялар 10653,9 млн.теңге сомасында игерілген немесе жоспарға қарағанда 157,8%.
Есепті кезеңде шағын және орта кәсіпкерліктің жоспарлы көрсеткіштері орындалған:
- ШОБ жұмыс істейтін субъектілерінің саны 38603 бірлікті құраған, немесе 2016 жылдың  көрсеткішіне қарағанда 103,3%.
- шағын және орта кәсіпкерлікте 121948 адам жұмыспен қамтылған немесе 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда 103,2%.
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімдер, орындаған жұмыстар мен қызметтер көлемі 88135 млн.теңге құрады немесе 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда 102%.
Бөлшек сауда тауарларының айналымы 125047,6 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 113,5%  құрады, 2016 жыл көрсеткішіне қарағанда 115,3%. НКИ – 105,8%.
Қала бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі8287,4 млн. теңге немесе жоспарға  қарағанда 102,9%.
Түсімдердің үш санаты бойынша болжамның орындалуы – 8008,6 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 104,4% және 2016 жыл көрсеткішіне қарағанда 120,7%.
Салықтық және салықтық емес түсімдер (ОБ + ЖБ) көлемінің 2017 жылғы І тоқсандағы  өсім қарқыны 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда 19,8% артты.
Қала бюджетінің шығыстары 5308,2 млн. теңгені немесе жоспарға қарағанда 100% және 2016 жыл көрсеткішіне қарағанда 75,7%.
44,2 мың м2 тұрғын үй енгізілді немесе жоспарға қарағанда 101,1% және 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда 102,7%.
Көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жүк көлемі  2080,1 мың тонна құрады, немесе 2016 жыл көрсеткішінен 3,7 есе астам.
Есепті кезең соңында жұмыссыз ретінде есепте 1391 адам тұр немесе 2016 жылдың деңгейінен 36,9% төмен.
Аз қамтылған азаматтар базасында 140 отбасы/467 адам тұр. 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда 27,1% төмен.
«Өрлеу» жобасына әлеуметтік көмек алатындар қатарынан 5 отбасы қатысты, а.ж. 6 айына 416 мың теңге тағайындалды.
Атаулы және әлеуметтік көмектер уақтылы және толық көлемде көрсетіледі.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны – 19429, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелерде – 17301, мемлекеттік балабақшалардағы балалар саны – 11355, мемлекеттік шағын орталықтарда – 1456 бала, мемлекеттік тапсырыс бойынша жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда – 3158 бала, мемлекеттік тапсырыс берілмеген жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда – 1050 бала.
Білім беру саласында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 89% құрайды.
Мемлекеттік тапсырыс 22 жеке меншік балабақшада орналастырылған.
Ағымдағы жылдың қаңтарында «Жанель», «Тоғжан» атты екі балабақша, ақпан, наурыз айларында – «Алтын Ұя», «Балатай» жеке меншік балабақшалары ашылды.
0-11 сыныптардағы оқушылар саны – 63323.


№102 мектеп-гимназия ашылды, онда 23 сынып немесе №101 мектеп-лицейден және №23 орта мектептен педагогтарымен бірге бастапқы мектептің және мектепалды дайындық сыныптарының 628 оқушысы ауыстырылды.
5-10 сыныптардың оқушылары мектепке 2017 жылдың 1 маусымынан бастап қабылданатын болады. Осылайша, қыркүйек айына қарай № 101, 23 мектептерде үш ауысыммен оқытуды жою жоспарланып отыр. 

2017 жылғы 1-ші тоқсанда  1529 мәдени-көпшілік іс-шара және 69 бұқаралық спорт шаралары өткізілді немесе, тиісінше, 2016 жыл көрсеткішіне қарағанда 104,9% және 93,2%. Осындай іс-шаралармен 7724,5 мың адам қамтылған.
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша 2016 жылдың деңгейіне қарағанда  бала туу деңгейінің 7% артқаны, жаңа туған сәбилердің өлім-жітімі деңгейінің 58,2%, туберкулезбен сырқаттану деңгейінің 18,2% төмендегені байқалады.  
Құқық қорғау блогы аясында қылмыскерлік деңгейі 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда 20,2% (10 мың тұрғынға шаққанда) төмендеді.
Ауыр және өте ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда 138% құрады.


Дата cоздания: 02 Августа 2017 17:44
Дата редактирования: 02 Августа 2017 17:45

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина