Қарағандыда
  • USD 386.82
  • EUR 428.67
  • RUB 5.86
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қарағанды қаласының 2019 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Қала халқының саны 2019 жылғы 1 наурыздағы  жағдай бойынша 497,1 мың адам.
2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы орташа айлық жалақы –  150 мың 028 теңге, бұл 2017 жылдың көрсеткішінен 11,3% артық.
2019 жылдың 1 тоқсанындағы жалпы қаржылық емес сектор бойынша  шығарылған өнім көлемі 91 578 млн.теңге құрады, Нақты көлем индексі (ары қарай- НКИ) – 110,8%. 
Сондай-ақ ірі және орта кәсіпорындар көлемінің 3,3% -ға өсуі байқалады.
Төмендегі салалар бойынша оң серпін байқалады:
- кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында 954 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 110,7% және 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 110,9%;
- өңдеуші өнеркәсібі саласында – 33 575 млн. теңге немесе жоспарға қарағанда 109,4 және 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 113%;
Кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларының 2019 жылдың 1 тоқсанында өндіріс көлемі 23,9 млрд теңге немесе 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 133,5% (17,9 млрд. теңге), соның ішінде 26 жоба бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 426,5 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 105,3%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының – 100%, мал шаруашылығының – 100,6%.
Экономиканың нақты секторында 110 жұмыс орны құрылды немесе жоспарға қарағанда  122,2%.
Қаланың ірі, орта кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан негізгі капиталға салынған инвестициялар 17 452 млн.теңге сомасында игерілген немесе жоспарға қарағанда 105,6%. НКИ – 114,2%.
73,9 мың м2 тұрғын үй енгізілді немесе жоспарға қарағанда 101,2% және 2018 жылдың көрсеткішіне қарағанда 101,5%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 6 773,8 млн.теңге құрады немесе жоспарға қарағанда 96,2%. НКИ – 103,3%. 
2019 жылдың 1 тоқсаны ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі жоспарлы көрсеткіштері орындалған:
- ШОБ жұмыс істейтін субъектілерінің саны 42 184 бірлікті құраған, немесе 2018 жылдың  көрсеткішіне қарағанда 107,1%.
- шағын және орта кәсіпкерлікте 125 185 адам жұмыспен қамтылған немесе 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 102,5%.
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімдер, орындаған жұмыстар мен қызметтер көлемі 125 820 млн.теңге құрады немесе 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 139,3%.
Бөлшек сауда тауарларының айналымы 165 222,8 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 108,4% құрады, 2018 жыл көрсеткішіне қарағанда 111,9%. НКИ – 105,5%.
          2019 жылдың қаңтар-наурыз  қала бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі – 11 540,8 млн.теңге құрады  немесе жоспарға қарағанда 101,9% .
Түсімдердің үш санаты бойынша болжамның орындалуы – 9 964,7  млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 102,2%.
Салықтық және салықтық емес түсімдер (облыстық бюджет + жергілікті бюджет) көлемінің өсім қарқыны 15 213,4 тенге. млн. құрап 2018 жылдың көрсеткішіне қарағанда 90,7% .
Қала бюджетінің шығыстары 7 366,8 млн. теңгені немесе жоспарға қарағанда 99,9%.
        Атаулы әлеуметтік көмек 21953 мың теңге сомасы көлемінде 360 отбасына/ 1490 адамға төленді.
        2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында өмірде қиын жағдайға тап болған жандарға көрсетілетін көмектен 5 адамға 179 000 теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.
         Барлығы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны 20 805, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтылған. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны -24 793, оның ішінде 22 363 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған, бұл 90,2% құрайды.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша 50 жеке меншік балабақшаларда балаларға 6859 орын ұсынылды .
Қаланың білім беру ұйымдарында интерактивті жабдықпен жаңа модификациядағы химия, физика, биология пәндерінің 267 кабинеті жабдықталған (84%). Қала мектептерінің барлығы Интернет желісіне қосылған.
Тегін тамақтандырумен мектептерде 2704 оқушы қамтылған. 
Автоматтандыру мақсатында оқу-тәртіп процессі барысында қаланың барлық мектептерінде «Білімал» автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді.
2017 жылдан бастап барлық мектептер электронды журналға көшірілді., ата-аналар үшін балаларының сабаққа қатысуы мен сабақ үлгерімін онлайн түрде қадағалауға мүмкіндік беретін «Edu-mark» мобильді қосымшасы жұмыс істейді.
2019 жылдың 3 айында  1 569 мәдени-көпшілік іс-шара және 85 бұқаралық спорт шаралары  өткізілді, 2018 жылдың көрсеткішіне қарағанда тиісінше 101,7% және 109% . Іс-шаралармен 258,7 мың адам қамтылған.

 


Дата редактирования: 06 Мая 2019 08:30

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина