Қарағандыда
  • USD 387.16
  • EUR 428.47
  • RUB 6.08
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қарағанды қаласының 2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Қала халқының саны 2019 жылғы 1 маусым  жағдай бойынша 495,8 мың адам.
2018 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы орташа айлық жалақы – 143 мың 353 теңге, бұл 2018 жылдың көрсеткішінен 1,2% артық.
2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы жалпы қаржылық емес сектор бойынша  шығарылған өнім көлемі 177 817,2 млн.теңге құрады, Нақты көлем индексі (ары қарай - НКИ) – 101,1%.
Сондай-ақ ірі және орта кәсіпорындар көлемінің 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 2% -ге өсуі байқалады. (НКИ-98,3%)
Төмендегі салалар бойынша оң серпін байқалады:
- кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында 1 886,8 млн. теңге немесе жоспарға қарағанда 118,1% және 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 115,6%. (НКИ-112.9%);
- өңдеуші өнеркәсібі саласында – 69 705,7 млн. теңге немесе жоспарға қарағанда 106,5 және 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 109,4%. (НКИ-104.3%);
Кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларының 2019 жылдың 6 айындағы  өндіріс көлемі 49,3 млрд теңге немесе 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 141,1% (36,3 млрд. теңге), соның ішінде 23 жоба бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 900,3 млн. теңге немесе жоспарға қарағанда 109,4%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының – 100%, мал шаруашылығының – 100,7%.
Экономиканың нақты секторында 320 жұмыс орны құрылды немесе жоспарға қарағанда  90,4%.
Қаланың ірі, орта кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан негізгі капиталға салынған инвестициялар 48 860,8 млн. теңге сомасында игерілген немесе жоспарға қарағанда 126,6%. НКИ – 125,7%.
97,6 мың м2 тұрғын үй енгізілді немесе жоспарға қарағанда 96% және 2018 жылдың көрсеткішіне қарағанда 100,9%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 31 278,9 млн. теңге құрады немесе жоспарға қарағанда 109,3%. НКИ – 118%.
2019 жылдың 1 жартыжылдығында шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі жоспарлы көрсеткіштері орындалған:
- ШОБ жұмыс істейтін субъектілерінің саны 42 095 бірлікті құраған, немесе 2018 жылдың  көрсеткішіне қарағанда 106,6%.
- шағын және орта кәсіпкерлікте 125 610 адам жұмыспен қамтылған немесе 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 102,2%.
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімдер, орындаған жұмыстар мен қызметтер көлемі 359 250 млн. теңге құрады немесе 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 175,8%.
Бөлшек сауда тауарларының айналымы 347 323,6 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 107,7% құрады, 2018 жыл көрсеткішіне қарағанда 113,4%. НКИ – 106,8%.
          2019 жылдың қаңтар-наурыз  қала бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі – 29 331,2 млн. теңге құрады  немесе жоспарға қарағанда 101,9%.
Түсімдердің үш санаты бойынша болжамның орындалуы – 20 378,9  млн. теңге немесе жоспарға қарағанда 102,8%.
Салықтық және салықтық емес түсімдер (облыстық бюджет + жергілікті бюджет) көлемінің өсім қарқыны 31 260 тенге. млн. құрап 2018 жылдың көрсеткішіне қарағанда 3,4%.
Қала бюджетінің шығыстары 28 209 млн. теңгені немесе жоспарға қарағанда 100%.
        Атаулы әлеуметтік көмек 572 907 мың теңге сомасы көлемінде 2 795 отбасына/13 217 адамға төленді.
        2019 жылдың қаңтар-маусым айларында өмірде қиын жағдайға тап болған жандарға көрсетілетін көмектен 5 адамға 179 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.
         Барлығы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны 20 805, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтылған. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны - 24 793, оның ішінде 22 363 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған, бұл 90,2% құрайды.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша 51 жеке меншік бала-бақшаларда балаларға 7 314 орын ұсынылды.
Қаланың білім беру ұйымдарында интерактивті жабдықпен жаңа модификациядағы химия, физика, биология пәндерінің 267 кабинеті жабдықталған (84%). Қала мектептерінің барлығы Интернет желісіне қосылған.
Тегін тамақтандырумен мектептерде 3 195 оқушы қамтылған немесе әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балалардың жалпы санының 92%-ын құрайды.
Автоматтандыру мақсатында оқу-тәртіп процессі барысында қаланың барлық мектептерінде «Білімал» автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді.
2017 жылдан бастап барлық мектептер электронды журналға көшірілді., ата-аналар үшін балаларының сабаққа қатысуы мен сабақ үлгерімін онлайн түрде қадағалауға мүмкіндік беретін «Edu-mark» мобильді қосымшасы жұмыс істейді.
2019 жылғы 1 маусымнан бастап портал арқылы «мектепке қабылдау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды school.kargoo.gov.kz 1 сыныпқа, 17 маусымнан бастап 10 сыныпқа қабылдау жүргізіледі.
2019 жылдың 6 айында  3 120 мәдени-көпшілік іс-шара және 157 бұқаралық спорт шаралары  өткізілді, 2018 жылдың көрсеткішіне қарағанда тиісінше 101,7% және 97,5% . Іс-шаралармен 642,3 мың адам қамтылған.

 


Дата редактирования: 19 Августа 2019 16:38

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина