Қарағандыда
  • USD 384.87
  • EUR 432.52
  • RUB 6.11
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр

Мемлекеттік қызмет паспорты



Мемлекеттік қызметтің атауы

Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан
жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан
жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен,
110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші
және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа
әзірлік паспортын беру

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы

Қызмет ақысы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Қызметті көрсету мерзімі

      1) көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде тапсырылған кұжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелденген бас тартады.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) қызметті көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік қызметі алу үшін қажетті құжаттар

      1) көрсетілетін қызметті берушілерге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік актісі;
      әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;
      станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-1-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген температуралық кестеге сәйкес, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 15-3-бабының 2-тармағына сәйкес күзгі-қысқы кезең электр қуатының балансына сәйкес, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.
      Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі және шарттарда көрсетілген бірізділікке сәйкес орналастырылады.
      2) порталға: 
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актінің электрондық көшірмесі;
      әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;
      станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңге бекітілген кестелерге сәйкес, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызмет берушілерге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) берген кезде – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.

Қызметті көрсету нәтижесі

белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ дейін және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорты, әзірлік паспортының беруден бас тарту, не белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ дейін және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортының күшін жою туралы хабарлама.

 


Дата редактирования: 26 Мая 2016 11:29

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина