Қарағандыда
  • USD 397.56
  • EUR 445.94
  • RUB 5.82
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Фронт-офис

 

Фронт-офис «OPEN KARAGANDA»

 

 

Қарағанды қаласы әкімдігінің "OPEN KARAGANDA" Фронт-офисі  – Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдарымен халық үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен консультацияларды ұсыну бойынша қазіргі заманғы орталығы, оның басты мақсаты азаматтардың мемлекеттік қызметтер мен консультацияларды сапалы және қолайлы түрде алу  болып табылады.

Фронт-офис ғимаратында келесі мемлекеттік мекемелер орналасқан әрі қызмет көрсетеді:

- «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ;

- «Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;

- «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ;

- «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;

- «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ;

Фронт-офис өз жұмысын 2019 жылы 4 желтоқсаннан бастады, онда өз-өзіне қызмет ету бұрыштарын және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, бірыңғай терезе және электрондық кезек арқылы ашық қызмет көрсету енгізілген.

Фронт-офис Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 39, мекенжайы бойынша Қарағанды қаласы әкімдігі ғимаратының жапсарлас құрылысында 1 қабатта орналасқан.  

 

Сондай-ақ «Open Karaganda» фронт-офисінде «Open space» жобасы жүзеге асырылған, онда Қарағанды қаласының және мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларымен азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.

 


Дата редактирования: 12 Февраля 2020 12:59