Қарағандыда
  • USD 379.19
  • EUR 426.63
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі

Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi

1. Конкурсқа:
1) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 10-бабы 4-тармағында, 13-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
2. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейін мемлекеттік органға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының 27-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған азаматтар конкурс қатысушылары болып табылады.
3. Конкурс комиссиясы шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.
4. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарайтын, кандидаттармен әңгiмелесу өткiзетiн және бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.
5. Конкурс мынадай сатылардан тұрады:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруларды жариялау (БАҚ);
2) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
3) конкурсқа қатысушылар құжаттарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын ала қарау;
4) кандидаттармен конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
5) конкурс комиссиясының қорытынды отырысы.
6. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Байланыс телефондары: 8(7212)421415
Кеңесші: Қарағанды қаласы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы – Баисова Жанна Кусаиновна.
 


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина