Қарағандыда
  • USD 383.43
  • EUR 432.47
  • RUB 6.12
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Халық тарих толқынында

«Бізге ұлттар үшін ортақ тарихи сана-сезім қажет.
Біздің тарихты тануымыз тұтас, оң сипатта болуға, қоғамды бөлініске салмай, біріктіруге тиіс. Ұлттық рухты қажетті биіктікке көтеру үшін біздің шынайы тарихымыздың, мәдениетіміздің, дініміздің қандай екенін айқын сезінуіміз қажет. Қазақтардың ұлттық тарихы, олардың этногенезі мыңдаған жылдарға созылған бірегей ажырамайтын үдеріс ретінде қарастырылуы тиіс. Осы тұрғыда қазіргі заманғы Қазақстан ұлы дала өркениетінің ежелден келе жатқан шешуші мұрагерлерінің бірі ретінде заңды түрде көрініс табады.» 

(ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен алынды)
Астанада өткен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин еліміз мемлекеттік қалыптасудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясы қоғам қалыптастырудың жаңа кезеңінде туындайтын, атап айтқанда: біз қайда барамыз және 2050 жылы қай жерде болғымыз келеді - деген басты сұрақтарға жауап береді.
«Қазақтар Еуразияның ең байырғы халықтарының бірі екені сөзсіз. Сонымен бірге Қазақстанның тарихы осы жерді кейінірек мекендеген, бірқатары еркінен тыс қоныстанған басқа да этностық топтардың да тарихы. Еліміздің полиэтникалылығын қалыптастыруда бұл үдерістерді объективті түрде зерделеуіміз қажет. Ата бабаларымыз бұл жерді бізге аманат етіп қалдырған. Біз мемлекет құраушы ұлтпыз. Бірақ тағдырдың жазуымен елімізге келген басқа этностарды шеттесек, біз алға дами алмаймыз. Бұл шаруада халқымыздың жауапкершілігі зор», - деді М.Тәжин.
Осы айдар аясынада ел болашағының жаңа дүниетанымдық үлгісін, басты құндылықтары мен бағытын қалыптастыруда сарапшылар өз көзқарастары мен нақты іс-әрекеттері жайында баяндайтын болады. Тек аталған істерді тындыра отырып, біздер ұлтымыздың басты мәдіни нышандары: тіліміз, діліміз, дәстүріміз бен мәдениетімізді аман сақтай аламыз.


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35