Қарағандыда
  • USD 389.98
  • EUR 434.01
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Коммуналдық шаруашылық

«Елді мекендердің қала құрылысы және жасылдандыру» қаланың мерекелік безендіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

           «InServiceKZ» ЖШС жасасқан келісім шартына сәйкес қаланың мерекелік безендіру бойынша жұмыс жүргізілген, оның ішінде: мерекелік безендіруге баннерлерді орнату, консольге туды орнату, сәндік конструкцияларды пайдалануымен жол көпірлерін безендіру, МАФ және ұзартқыш жол арқаларын орнату.

          Мерекелік тақырыптағы конструкциялардың негізгі орналастыру орны Оңтүстік-Шығыс:

(Жеңіс алаңы, Сүйінші алаңы, Теннис орталығы,«Караганда-Арена» мұз сарайы), Қала (вокзал, Н.Әбдіров атындағы сарай,Тәуелсіздік алаңы, Кеңшілер МС, Шахтерлердаңқы монументі,   «Шахтер» стадионы, Сәтбаев көшесі, Станиславский, Сейфуллин театрлары,, қалалық әкімдік), Майқұдық (Майқұдық МС, Майқұдық саябағы), Пришахтинск («Молодежный» МС), Сұрыптау (Теміржолшылар МС).

Рәсімдеу элементтерін күтіп ұстау бойынша «InService KZ» ЖШС Қарағанды қаласындаға ғимараттар мен құрылғыларды сәулеттік жарықтандыру бойынша жұмыстар басталды. Аталған жұмыс өзіне сәулеттік жарық орналасқан барлық қаланың нысандар мониторингін қамтиды. Екіншіден, жарықтың бұзылған элементтерін жөндеу және динамикалық элементтерді жартылай қайта бағдарламалау жарық суретін уыстыру мақсатымен. Үшіншіден жоғарыда көрсетілген шарт жасалған сәттен бастап, «InService KZ» ЖШС қызметкерлерімен бұзушылықты анықтау және оларды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады.  

Солай, осы жұмыс нәтижесінде 100 нысан қамтылды, оның ішінде әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер, стелалар мен ескерткіштер. Қала тақтасы, кіреберіс аркалар және жарықтанған ағаштар мен үйдегі оюлар. 

Онымен қатар, аталған бағдарлама шеңберінде «Мәдениет, демалыс және саябақтар басқармасы» КМК қаланың саябақтары мен гүлзарларын күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізіледі: қоқыстар мен қардан, мұздан тазалау, гүлдерді түптеу және суару, шөптерді шабу, шарбақтар мен аркаларды бояу, ағаштарды күтіп ұстау жұмыстары, фонтандар мен ескерткіштерді жуу.

Кәсіпорынмен кіші сәулет нысандарын және футбол алаңдарын бояу жұмыстары өткізілді, газондарды отырғызу, ағаштарды күту жұмыстары, автосуару жүйелерін жөндеу, іргетастарға гранит тастарын салу, және тапсарма бойынша федоров су қоймасының жағажайын көркейту және тазалау жұмыстары жүргізілді.

Онымен қатар, «Елді мекендерді көркейту және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша қалалық бюджет арқылы 105 нысанда 263 бейнебақылау камералары орнатылды (аула аумақтарында – 62, саябақтар мен гүлзарларда - 8, көліктің жиі қозғалатын жерлері – 25, аяджама пункттері - 10). Барлық камералар Қарағанды қ. ІІД ЖБО тіркелген.

   

 

 


Дата cоздания: 25 Июля 2016 14:43
Дата редактирования: 02 Августа 2016 19:38