Қарағандыда
  • USD 386.71
  • EUR 429.17
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Орталық ұжымы

\"\"

Алимжанов Біржан Нұржанұлы 1988 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы облысы Сарқан ауданында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетінің түлегі (2010 жыл). «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика магистрі. Еңбек жолын Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Жастар ісі жөніндегі комитет маманы болып бастаған. «Жылдың жас көшбасшысы» номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығының иегері (2012 жыл). Үйленген, бір ұлы бар. 
2013 жылдың ақпан айында Қарағанды қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Қарағанды қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымын тағайындалды.


\"\"

Смағұлов Дидар Нұркенұлы 1990 жылдың 29 қазанында Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінің түлегі (2012 жыл). Еңбек жолын шағын және орта бизнес саласының заңгері ретінде бастаған. «Мемлекеттік жастар мектебі» жобасының 4-нші маусымының қатысушысы. 
2013 жылдың сәуір айынан бастап Қарағанды қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Қарағанды қаласының жастармен жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде заңгер қызметін атқарып келеді.


\"\"

Мажитов Ерқанат Манарбекұлы 1989 жылдың 7 қарашасында Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетінің  түлегі (2011 жыл).      2011-2013 жылдар аралығында Қарағанды қаласының әкімі аппаратының әлеуметтік саланы үйлестіру және ішкі саясат бөлімінде маман қызметін атқарған.
2013 жылдың сәуір айынан бастап Қарағанды қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Қарағанды қаласының жастармен жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде маман қызметін атқарып келеді.


\"\"

Исакова Айгерім Сұнғатұллақызы 1987 жылдың  12 қарашасында Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің  экономика факультетінің түлегі. Еңбек жолын шағын және орта бизнес саласында бастаған. Тұрмыс құрған, бір ұлы бар.
2013 жылдың сәуір айынан бастап Қарағанды қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Қарағанды қаласының жастармен жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде маман қызметін атқарып келеді.


\"\"

Омарова Азиза Рымбекқызы 1990 жылдың 4 тамызында Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің қаржы факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақтелоком» акционерлік қоғамында, кіріс құжаттарын және қалыптасқан арыз тізілімдерін тіркеудің ресми өкілі қызметінен бастаған. 2011-2012 жылдар аралығында «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас есепшінің көмекшісі қызметін атқарған.
2013 жылдың маусым айынан бастап Қарағанды қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Қарағанды қаласының жастармен жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бас есепші қызметін атқарып келеді.


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина