• 4521 барлығы
  • 42 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

  • Ni hao Zhong guo! 21 Ақпан 2018

    Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы және ҚарМТУ-нің жанындағы Конфуций институтымен бірлесіп қытайдың көктем мерекесіне арналған «Ni hao Zhong guo!» іс-шарасын ұйымдастырды.

  • «Студенттік лига» 21 Ақпан 2018

    «Студенттік лига» бағдарламасындағы шағын футболдан ойындар өз мәресіне жетті. 

  • «Солнышко» аула клубы қысты шығарып салды 19 Ақпан 2018

    2018 ж. 17 ақпанында «Солнышко» балалар-жасөспірімдер клубының ауласында (21 шағын ауданы) аула тұрғындарының қатысуымен «Масленица» бұқаралық серуендеу өтті.  Мерекеде сайқымазақтар мен үлкен қуыршақтардың қатысуымен ойындар, хормен жүру, шана тебу өткізілді.   Барлық қатысушылар мен қонақтарға басты дәм- құймақтан дәм татқызды.

     

  • Book Slam! 19 Ақпан 2018

     М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Жаңа кітап – жаңа әлем» тақырыбында Президент Н.Ә.Назарбаевтың  «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханаға түскен жаңа кітаптарды насихаттауға арналған Book Slam шарасы өтті.  Шараның мақсаты: көпшілік оқырмандарға Қазақстанның қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы ақпарат беру, оқырмандарды заманауи өзекті әдебиеттерді оқуға тарту, Президент Н.А.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханаға түскен жаңа кітаптармен таныстыру.   

  • Қарағандылықтар Масленица мейрамын атап өтті 19 Ақпан 2018

    18 ақпан, Қарағанды ​​хайуанаттар бағы және Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің алаңында «Масленицамен қоштасу» атты мәдени іс-шаралар өтті.

  • Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады 19 Ақпан 2018

     Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

  • «Қарлы вахта» акциясы 16 Ақпан 2018

    Бүгін, 16 ақпан күні жастар ресурстық орталығы қыстың соңына дейін созылатын акциясын ұйымдастырды. «Қарлы вахта» акциясы бүгін де жалғасын тапты. Ардагерлер мен қарт адамдарға көмектесіп, акцияға қатысқысы келетіндердің саны мол.
    Бүгінгі таңда еріктілердің қатарына Қарағанды қаласының №36 орта мектебінің окушылары қосылды. Еріктілер күштерімен еңбек ардагері Полионова Тамара Васильевнаның ауласының аумағы қардан тазартылды. 
    Акция аяқталғаннан кейін еріктілер ардагердің батасын алып, ризашылығына бөленді. 
    Достар, өз өтінімін білдірген барлық қатысушыларға алғысымызды білдіргіміз келеді. 
    Өтініштер электрондық пошта арқылы қабылданады. Мекен-жайымыз mrckrg@mail.ru немесе 8 (7212) 504239 тел. арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз. 

  • Аула клубтарында Ауғанстаннан әскерді шығару күніне арналған бір қатар іс-шаралар өткізілді 16 Ақпан 2018

     

    Патриоттық, борыш пен құрмет сезімдерін Ауғанстанда әскери борыштарын орындаған жауынгер-интернационалисттер үлгісінде тәрбиелеу мақсатында аула клубтарында бір қатар «Ауғанстан – біздің жадымызда» тақырыптық іс-шаралары өткізілді.

    Соғыс алаңында ерлік көрсетіп, бүгінгі ұрпаққа үлгі болып отырған жерлестеріміздің қатысуымен аула клубтарының балалары мен жасөспірмдерінің кездесуі,  спорттың әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар, ақпараттық сағат, балалар жұмыстарының көрмесі, спорт түрлері бойынша турнирлар ұйымдастырылды.

     

     

  • Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы –қызмет берушілердің жұмысын бағалаудың басты өлшемі 16 Ақпан 2018

    Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты арқасында қоғам дамуының барлық­ саласында түбегейлі өзгерістер болды.Соның ішінде, мемлекет­тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет­ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда заман талабына сай мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділікті арттыр­уға бағы­тталған игі бастамалар жүзеге асырылуда.

  • Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 16 Ақпан 2018

    2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына үш әлеуметтік жәрдемақыны біріктіруді көздейтін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмегі (бұдан әрі - АӘК) енгізілді. АӘК-ке атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақылар кіреді. Жаңа АӘК форматы бір терезе принципі негізінде жүргізіледі.

  • Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды 16 Ақпан 2018

    Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Енді азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес.

     

     

     

     

  • «Жылды жақсы іспен баста!» 15 Ақпан 2018
     
    Бүгін, 15 ақпан күні Жастар ресурстық орталығы №2 өнер мектебімен, Қарағанды облысындағы ЮНЕСКО клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясының аймақтық өкілдігімен бірлесіп, «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Жылды жақсы іспен баста!» акциясын ұйымдастырды. 
    Балалар вокалды-аспаптық және би нөмірлерінен тұратын концерттік бағдарламаға қызығушылықтарын білдірді. Сонымен қатар шүлы аспаптарда (костеньетте, маракаста, сылдырақта, орыс қасықтарымен, шейкерлермен) ойнап көрді. 
     
    Жас музыканттар, бишілер мен өнерпаздар өз тәжірибелері және позитивті энергияларымен бөлісті. Сондықтан, біз бұл акцияны басқа балалар үйінде өткізуді жоспарлап отырмыз. 
  • Ауған соғысы – мықтылардың текетіресі 15 Ақпан 2018

    1989 жылғы 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылу күні.

             Қарағанды ​​қаласында № 4 мектеп-интернатының кадеттеріне жастарды патриоттық сезіммен тәрбиелеу мақсатында Ауғанстаннан әскерлерді шығару күнін атап өту аясында «Қарағанды қаласының ОКЖ» КММ-нің №12 кітапхана филиалында ерлік сабағы өткізілді.

     

  • «Қазақстандықтар – біртұтас халық» 15 Ақпан 2018

    2018 жылдың 15-ақпанында «Қазақстандықтар – біртұтас халық» атты Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша «Молодежный» МҮ-нің қызметкерлеріне және агротехникалық колледжінің ұстаздарына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс шараның мақсаты: ҚР Президенті Жолдауының маңыздылығы мен халыққа жүктелген он міндеттің мәнін түсіндіру. Аталмыш іс-шарада МҮ-нің директор орынбасары Толепбекова Н.Т., Президентінің Жолдауы жөнінде пікірін ортаға салды. Елбасының биылғы Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанның жүйелі даму шараларының нақты бағдарламасы белгіленіп берілгенін түсіндіріп өтті.

     

  • Болашақ техника маман иелері «Дін саласындағы түзету және толықтырулар заңнамасымен» таныс болды 15 Ақпан 2018

    2018 жылдың 15 ақпанында Жастар ресурстық орталығының инспекторлары ҚарМТУ инновациялық технологиялар колледжі «Дін саласындағы толықтырулар мен өзгертулер заңнамасын» түсіндіру мақсатында студенттермен ашық кездесу өткізді.