• 3949 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Сенат Төрағасы ТМД ПАА бақылаушыларын қабылдады

 Қ.Тоқаев Парламент Сенаты сайлауының мониторингіне қатысқаны үшін алғыс айта отырып, ТМД бақылаушылар миссиясы едәуір өкілетті және сайлау мониторингінде мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Делегация басшысы, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасы Ильяс Умаханов делегация құрамында бес ел өкілдерінің болатынын, олар Астана, Қарағанды және Көкшетау қалаларындағы сайлау барысын бақылайтынын айтты.

«Сенат депутаттарын сайлайтын бұл саяси сәттің маңызы жоғары екенін біз жақсы түсінеміз», - деді И. Умаханов. Сенат Төрағасы байқаушыларды ағымдағы сайлау науқанының ерекшеліктері туралы хабардар етті. «Парламент Сенатының депутаттығына 89 үміткер ұсынылып, оның 38-і тіркелді», - деді Қ.Тоқаев.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастық туралы пікір алмасты. Сұхбаттасушылардың айтуынша, заңнамалық қызметтің тәжірибесімен жедел бөлісуге, ұлттық заңнаманы жақындату бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыруға парламентаралық ынтымақтастық үлкен мүмкіндік береді.

«ТМД ПАА - біздің парламентшілер жіті назар аударып отырған өзара байланыстың маңызды құралы, ірі парламенттік орган», – деді Қ.Тоқаев.