• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Республика жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша «СЕНІМ» конкурсы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің еңбекті қорғау бойынша республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК қолдау көрсетуімен  «ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС ҚР ДСжӘД министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен бірге және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен республика жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша КОНКУРС жариялайды.

Конкурстың өткізілу мерзімі – 2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін.

«СЕНІМ» – еңбекті қорғау саласындағы мамандарға арналған қазақстандағы бірден-бір конкурс. Конкурска қатысу – іскерлік дәрежені дәлелдеу, жұмыскерлер мен клиенттер алдындағы әлеуметтік жауапкершілік пен  біліктілікті көрсету үшін тәжірибелік қадам болып табылады. Конкурс жеңімпаздары туралы ақпарат конкурс ұйымдастырушыларының Интернет көздерінде және «Қазақстанның еңбек қауіпсіздігі» іскерлік баспасында жарияланады.

Конкурс, қатысу шарттары, іс-шаралардың өткізілетін уақыты мен орны, жеңімпаздарды марапаттау туралы толық ақпарат: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz, «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС www.kadry.mcfr.kz, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Қазақстандық KIOSH халықаралық конференция мен көрменің www.kiosh.kz сайттарында орналастырылған.

Қызығушылық танытқан жағдайда келесі координаттар бойынша жүгінуіңізді сұраймыз: тел./факс: +7 (727) 323-62-08 (вн. 117, 118), +7 (727) 323-62-12, e-mail: otk@mcfr.kz, head.kadry@mcfr.kz.