• 4074 барлығы
  • 28 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Жас домбырашылар сайысы

Наурыз мейрамы қарсаңында №36 жалпы білім беретін мектеп аясында 2017 жылғы 15 наурызда «Үкілі домбыра» атты қалалық күйшілер байқауын өткізді.

Байқау оқушыларға патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау, домбырада ойнауды насихаттау және дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау бірнеше жас санаттарында «жеке орындау» және «ансамбль» номинациялары бойынша өткізілді. Байқау қатысушыларының өнерлерін қазылар алқасының мүшелері, олардың ішінде Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің ұстаздары, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің әртістері мен күйшілері, «Алтын домбыра» қоғамдық қорының өкілдері және басқалары бағалады.

Шығармашылық сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар: Бас жүлде - Қайырбек И. (№93 гимназия), Жақсылық Н. (№36 ОМ), Мейірманов Ж. (№23 ОМ), №23 ОМ домбырашылар ансамблі; 1 орын - Апеис Қ. (№82 ОМ), Мукашева С. (№36 ОМ), Майдан А. (№6 ОМ), №6 ОМ домбырашылар ансамблі; 2 орын - Мауратов Р., Қуандық Б. (№36 ОМ), Мукашева А. (№53 МЛ), Бауыржанқызы Е. (№41 ОМ), Амантаев Д. (№12 ОМ), Нурахметов А. (№16 ОМ), №77 МББК, №17 ОМ домбырашылар ансамбльдері; 3 орын - Жанат Н. (№36 ОМ), Бейсембаева А. (№53 МЛ), Мынбаева Т. (№58 ОМ), Мұхамедина Е. (№77 МББК), Тойымбеков Ж. (№36 ОМ), Насипжан Ж. (№54 ОМ), №41ОМ, №62 ОМ домбырашылар ансамбльдері.