• 3853 барлығы
  • 10 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Пришахтинск балалар-жасөспірімдер клубтарының балалары үшін «Еркін елдің ұланымыз» атты ерлік сабағы өткізілді

Пришахтинск балалар-жасөспірімдер клубтарының балалары үшін «Еркін елдің ұланымыз» атты ерлік сабағы өткізілді

 

Қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық жұмыстар айлығы шегінде, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылу күнінен 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2017 ж. 14 сәуірінде «Шахтер» стадионы №52859 ә/б бірлесіп, бөлім базасында Пришахтинск балалар-жасөспірімдер клубтарының  балалары үшін «Еркін елдің ұланымыз» атты ерлік сабағы ұйымдастырылды.

Балаларға келесі бағдарлама дайындалды:

- әскери бөлім қызметі туралы бейнероликтері көрсетілген 52859 ә/б әскери дайындық үздіктерімен кездесу;

- балалар арасында газқағарды кию; Калашников автоматын жинау/бөлшектеу, гір көтеру, ОЗК кию, қорапты жабдықтау бойынша жарыстар өткізілді. Жарыстар қорытындысы бойынша жалпыкомандалық 1 орынды Қуаныш балалар-жасөспірімдер клубының командасы алды.

2 орын – «Туған жер» балалар-жасөспірімдер клубының командасы

3 орын – «Луч» балалар-жасөспірімдер клубының командасы  

Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыс қорытындылары бойынша жүлдегенр командалар Кубоктар мен дипломдармен мараптталды, сонымен қатар, жеке түрлері бойынша 1-3 орындарды алған қатысушылар грамоталармен марапатталды.

 Бағдарламаның аяқталуында бөлім аумағы бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды: асхана, казармалар, техника паркі.