• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Кеңейтілген аппарат кеңесі

Кеңейтілген аппарат кеңесі

 

2017 жылғы 18 сәуірде қала әкімі Н.Е.Әубәкіров қала аудандарының мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларымен, уәкілетті органдардың басшыларымен, қаланың Қазыбек би атындағы және Октябрь аудандарының әкімдерімен кеңейтілген аппарат кеңесін өткізді. 

Кеңес мәселелерінің маңызды бір тұсы – 2017 жылғы 1-ші тоқсанда бюджеттің кіріс бөлігін және салық салу базасын кеңейту бойынша іс-шаралар жоспарының атқарылуы болды.

2017 жылғы 1-ші тоқсанның жоспары 8 млрд. 008,6 млн.теңге сомасында немесе есепті кезең жоспарына қарағанда 104,4% (7 млрд. 669,9 млн.теңге) және жылдық жоспарға (29 млрд. 181,5 млн.теңге) қарағанда 27,4% атқарылғаны атап өтілді. Өткен жылдың деңгейіне қарағандағы өсім 20,7% құрады.

Жергілікті бюджетке түскен салықтық және салықтан тыс түсімдердің жалпы көлемі (ОБ+ҚБ) 12 млрд. 777 млн.теңге құрады. Бұл өткен жылдың (10млрд. 662 млн. теңге) деңгейіне қарағанда 19,8% жоғары.

Сондай-ақ, кеңес барысында бюджетке бересілерді өндіріп алу және салық салу базасын кеңейту бойынша мәселелер қаралды.

Жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 1-ші тоқсан ішінде 2017 жылға бекітілген жергілікті бюджетке қосымша кірістер іздестіру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жүргізілді.

2017 жылға арналған жоспар-тапсырма 137,1 млн.теңге құрайды.

Есепті кезеңде жоспар 14,2 млн.теңге сомасында немесе бекітілген жоспарға (137,1 млн.теңге) қарағанда 10,3% орындалды.

Өз кезегінде, Қарағанды қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Н.Б.Смағұлов әрбір нақты салық төлеушімен мақсатты жұмыс жалғастырылатынына, мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті және жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл күшейтілетініне баса көңіл аударды.

Қорыта келе, қала әкімі мемлекеттік кірістер басқармаларына және тапсырма берілген мемлекеттік органдарға салықтар мен төлемдердің, оның ішінде жеке тұлғалардан автокөлік құралдарына салынатын салықтың жинақталуын қамтамасыз ету үшін салық төлеушілерді құлақтандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажеттілігін атап өтті.