• 3949 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық акция

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық акция

2017 жылдың 20 сәуір күні Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы мен «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ кестеге сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтушы халық арасында «Алтын арай» базар аймағында медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша ақпараттық-түсіндірмелі жұмыс жүргізген болатын.

Акция барысында мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардар болу деңгейі және өзіндік жұмыспен қамтылудың себебін білу мақсатында халық арасында кішігірім сауалнама жүргізді, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бағдарламалары бойынша ақпараттық түсіндірме және жастарды жұмыспен қамту деңгейін көтеру, сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, «Өрлеу» жобасы, әлеуметтік жұмыс орындары, кәсіптік оқыту, жастар практикасы бойынша ақпараттық бүктемелер таратылған болатын.

Сонымен қатар, сауалнама нәтижелері негізінде халыққа бүгінгі таңдағы өзекті бос орындар тізімімен танысу ұсынылды. Дәл осы акция 80  адамды қамтыды.