• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Жыл оқушысы - 2017» VI қалалық байқаудың ақтық мәресі

 2017 жылғы 12 мамыр күні  Балалар мен жасөспірімдер сарайында  «Жыл оқушысы - 2017» VI қалалық байқаудың ақтық мәресі болып өтті.
         Бұл байқау Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Қарағанды қаласының білім бөлімі бекіткен "Дарынды балалар" жобасының құрамдас бөлігі, яғни оқушылардың  білім деңгейін арттыру үшін,  білімнің әр саласы бойынша шығармашылық және зерттеу жұмыстарына тарту, жеке тұлғалық қабілеттердің жаңа деңгейін қалыптастыру, болашақтағы қоғамның зиялы қауымын - талантты және қызығушылықтары жоғары оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсетуге жағдай жасау.
    Биылғы жылы байқауға Қарағанды қаласының мектептерінен 188 оқушы қатысты.Екі кезеңнің қорытындысы - эссе жазу, шешендік шеберлік таныту, сондай-ақ үшінші сырттай кезеңнің - оқушы жетістігінің портфолиосын сараптау нәтижесінде  ақтық кезеңге қатысатын 27 оқушы анықталды.Төртінші кезең Қарағанды қаласы білім бөлімінің сайтында жүргізілген on-line дауыс беру болды. Байқаудың бұл кезеңі байқауға қатысушылардың қала, облыс, республика көлемінде қатар-құрбыларының арасында белгілі болуы үшін және байқауға жарнама ретінде, оқушылардың өз мектептері мен қаламыздың үздік оқушылары екендігін жариялау мақсатында өткізіледі.  25 сәуірден білім бөлімінің сайтында оn-line дауыс беру жүйесі бойынша біздің финалистерге 43 мың адам дауыс берген..
    Байқаудың ақтық кезеңінде қатысушылар өздерін әр қырынан көрсете білді. Көрермендерге өздерінің әуес істері мен қызығушылықтары туралы әңгімелеп берді. Әрбір қатысушының  көрсетілімі сыныптастарының, ата-аналары мен мұғалімдерінің көмектері арқасында қызықты, керемет және ерекше болды!
    27 оқушы қатысқан ақтық мәреде 6,7,8,9,10 және 11-сынып оқушыларының арасынан 2017 жылдың үздік оқушылары анықталды.
6-сынып оқушыларының арасынан 2017 жылғы үздік оқушы атағын
№ 92 гимназия оқушысы    Қуаныш Жанерке жеңіп алды.
7-сынып оқушыларының арасынан 2017 жылғы үздік оқушы атағын
№ 3 гимназия оқушысы   Мартынов Артём жеңіп алды.
8-сынып оқушыларының арасынан 2017 жылғы үздік оқушы атағын
№ 33 МББК оқушысы Шафоростова Анна жеңіп алды.
9-сынып оқушыларының арасынан 2017 жылғы үздік оқушы атағын
№ 92 гимназия оқушысы Исмаилова Малика жеңіп алды.
        10-сынып оқушыларының арасынан 2017 жылғы үздік оқушы атағын
№ 2 лицей оқушысы Мурзаев Ян жеңіп алды.
11-сынып оқушыларының арасынан «Жыл оқушысы-2017» атағына М.Жұмабаев атындағы № 39 гимназия оқушысы Нұрмұханов Сырым ие болды.
11-сынып оқушыларының арасынан «Жыл оқушысы-2017» атағын
№ 38 гимназия оқушысы Хван Кристина иеленді.

Хван Кристина мен  Нұрмұханов Сырым Қарағанды қаласының барлық мектеп бітіруші түлектерінің атынан Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты ісшарада құттықтау сөз айту құқығына ие болды.
    Байқаудың барлық жеңімпаздары ленталармен, дипломдармен және планшеттік компьютерлермен марапатталды. Нұрмұханов Сырым мен  Хван Кристина сыйлыққа бейнекамера алды.
    Байқаудың әрбір финалисті диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
        Қарағанды қаласының білім бөлімі барлық қатысушыларға,ата-аналарға, білім ұйымдарына,жанкүйерлерге байқауға белсене атсалысқандары үшін алғыс білдіреді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Және «Жыл оқушысы – 2018» байқауына қатысуға шақырамыз.

Ерекше шешім:
    Оn-line дауыс беру нәтижесінде 6-сынып оқушылары арасында ең танымал болған  3783 дауыс жинаған №92 гимназия оқушысы Қуаныш Жанерке.
    7-сынып оқушыларының арасынан 4992 дауыс жинаған №3 гимназия оқушысы Мартынов Артём үздік оқушы атанды.
    Оn-line дауыс беру нәтижесінде 8-сынып оқушылары арасында жеңімпаз  болған 1111 дауыс жинаған №101 МЛ  оқушысы Ерланова Дильназ.
    Оn-line дауыс беру нәтижесінде 9-сынып оқушылары арасында ең танымал болған  3277 дауыс жинаған №92 гимназия оқушысы Исмаилова Малика.
    10-сынып оқушылары арасында үздік шыққан 4265 дауыс жинаған №92 гимназия  оқушысы Толегенов Али.
    11-сынып оқушылары арасында on-line дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаз № 36 ЖББОМ оқушысы  Будикова Жансая. Ол үшін 1196 адам дауыс берген.
      Олардың барлығы «Жыл оқушысы» байқауының құрылтайшысы Қарағанды қаласы білім бөлімінің  сайтында on-line дауыс беруді қолдаушы «Финист» компаниясының (Павлодар қаласы) дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен  марапатталды.