• 3953 барлығы
  • 21 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Жұмыссыз азаматтарға жұмыс және әлеуметтік көмек

         Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асыру бойынша орындау мақсатында әлеуметтік қызметтер мен көмек алушы арасындағы әлеуметтік келісімшарт негізінде қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету механизмін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Аталған жана тәсіл «Өрлеу» пилоттық жобасы аясында енгізіледі.

        «Өрлеу» жобасы – бұл әлеуметтік келісім–шартпен қамтылған отбасыларына көрсетілетін шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК), сонымен қатар өзара келісім екі жақтың міндеттерімен құқықтарын анықтайды. Келісім шарт бойынша отбасы мүшелері жұмыспен қамту орталығы арқылы оқуға, қайта даярлау курстарын оқуға немесе қандайда бір жолмен жұмысқа тұруға жұмыс істеуге міндеттеледі. 

        «Өрлеу» жобасы аясында шартты ақшалай көмек (ШАК) жан басына шаққандағы кейінгі үш айдың табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 % -нан төмен отбасыларға төленеді (12498 теңге, 2017 жылдың II тоқсанда күнкөріс деңгейі 20830 теңгені кұрайды) және де отбасының жұмысқа қабілетті мүшесі міндетті түрде жұмыспен қамтылған жағдайда.

    Мысалы: Жұбайы, екі баласы, отбасының иесі – өз-өзіне жұмыс істейді (уақытша жалақысы бар) тұрақты жұмысқа орналасады. Отбасының бір айлық жиынтық табысы – 20000 теңгені құрайды : 4 (отбасындағы адам саны) =5000 теңге, күн көрістің 0,6 шегінен аспаса (20830 тг. х 0,6% =12498 тг.) Отбасыға берілген көмектің мөлшері 12498 тг. – 5000тг. х 4 адамға= 29992 тг.+50000тг. жұмыстан берілген жалақы.

Нәтижесінде отбасы ақшалай көмек алу мүмкіндігіне ие болады және әлеуметтік келісімшарт алты айға, қосымша тағы да алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалатын болғандықтан, сонымен қатар өзгерсіз алты ай мерзімінде еңбек ақы алады.

Сонымен қатар, қиын жағдайда қалған отбасында туындаған әлеуметтік мәселелерді шешу үшін білім беру және ішінде әлеуметтік бейімделу бойынша іс-шаралар, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер (скрининг тексеру, жүктілігіне байланысты 12 апталығында есепке алу, барлық жүктілік кезеңінің аралығында бақылауда болу) ұсынылады.

Толықтай кеңес алу үшін Поспелов көшесі, 16 үйде орналасқан «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ-не немесе Бұқар Жырау данғылы 51/1 үйде орналасқан «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не сағат 9.00 ден 17.30 ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 ден 14.30 ға дейін, демалыс (сенбі, жексенбі) және мерекелік күндерді қоспағанда, анықтама үшін телефоны: 30-02-52, 99-63-97.