• 3853 барлығы
  • 10 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда бірінші рет ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Science Slam Karaganda-2017» атты ғылыми-танымал шоуы өтті

2017 жылдың 17 мамырында қарағандының жас ғалымдары үшін Қарағандыда бірінші рет «Science Slam Karaganda-2017» атты өте маңызды  ғылыми-танымал шоуы өтті. Іс-шараны Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы өткізді.

Іс-шара Қарағанды облысының кәсіподақ орталығында өтті.

Science Slam бұл - ғылымды дәріптеу бойынша жас зерттеушілер мен ғалымдардың жағымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған халықаралық жоба. Әрбір қатысушы өзінің жұмысын қысқаша ғылыми-танымал дәріс форматында көрсетеді. Ең басты Science Slam міндеті – автордың өзі жұмыс істейтін жобасын түсінікті және танымал етіп жеткізу.

Іс-шараны өзінің қызықты эксперименттерімен «Открывашка»  ғылыми шоуы ашқан болатын. Сонымен қатар, байқаудан тыс жас өнертапқыш, ЭКСПО-2017 қатысушысы, №101 мектеп-лицейінің оқушысы Божбанов Алдияр өзінің өнертабысын көрсеткен болатын.

Жас зерттеуші-конкурсанттар өздерінің баяндамаларын презентациямен сүйемелдеу арқылы гуманитария, техникалық, тіпті жаратылыстану-ғылыми бағыттарда өнер көрсетті.

Көрермендер спикерлерді шапалық ұру арқалы бағалады, соңғы шешімді көрермендердің бағалауын есепке алу арқылы ЖОО-ның профессорлық-оқытушы құрамынан құрылған қазылар алқасы қабылдаған болатын. 

 «Science Slam Karaganda-2017» жеңімпазы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-тің студенті Нүрпейісова Адина, ол женттен жасалған печенияны, яғни MyJent жобасын таныстырған болатын.  Екінші орынды Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің зерттеуші дуэті Литвинов Вячеслав пен Ташметов Эльярбек жеңіп алды. Олар балалар жарақаттануын алдын-алуға арналған мобильді қосымша жобасын көрсеткен болатын. Сондай-ақ екінші орынды Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-тің студенті Турсанина Айгерім өзінің «Разработка солнечных элементов на основе полупроводниковых полимеров и наночастиц металлов» атты баяндамасымен жеңіп алды. Үшінші орындарды Ким Константин (Қазтұтынуодағы ҚЭУ), Ахметова Анастасия (ҚарМТУ), және Шохинова Касиет (Қазтұтынуодағы ҚЭУ) бөлісіп алды.

Іс-шара соңында қатысушыларға «Science Slam Karaganda» атты сертификаттар мен дипломдар, сондай-ақ Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығының  серіктестері: Дельфин,  «Shapkoff» бас киімдер бутигі  мен showroom IZZUM-нан сыйлықтары мен естелік жүлделері  табысталды.