• 4074 барлығы
  • 28 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағандыда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған І қалалық жас өнертапқыштар слеті өтті

19 мамыр күні Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы мен Қарағанды қаласының білім беру бөлімімен бірлесіп,  №101 мектеп-лицейінде  ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған І қалалық жас өнертапқыштар слетін өткізді.

Слетке қаланың барлық жас талантты өнертапқыштары жиналды. Іс-шара жас өнертапқыштар, оқушылар, студенттер мен ғалымдар арасында тәжірибиемен алмасу алаңын құру мақсатында ұйымдастырылды.

Слеттің жұмысы бірнеше алаңдарда ұйымдастырылды.

Слеттің ашылуы «Открывашка» ғылыми шоуының орындауындағы эксперименттерімен басталып, әрі қарай Слетке қатысушылар көрме повилионында жалғасты, ол жерде жас өнертапқыштар өздерінің ғылыми жобаларының макеттері көрсетілді.

Экскурсия аяқталған соң, слет акт залында жалғасты, ол жерде өздерінің үздік жобаларын мектеп оқушылары, «Science Slam Karaganda - 2017» ғылыми-танымал шоуының жеңімпазы, сондай-ақ қаланың жоғарғы оқу орынның техника ғылымдарының кандидаты қатысты.

Жастар тарапынан Қарағанды қаласының Жастар мәслихатының депутаты мен хатшысы өздерінің тілек сөздерімен шықты.

Слет соңында  қатысушыларға сертификаттар табысталды.