• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Алақай, жаз!»

        Қарағанды қаласының 39 балалар-жасөспірімдер аула клубтарындағы балалар мен жасөспірімдер үшін жаздың нағыз қызу кезеңі өтуде!  

         БЖК-ның жазғы жұмыс жоспарында концерттер, флеш-мобтар, шеберлік сыныптарын, спорттық ойын түрлерін, балалар қолөнері мен суреттер байқауларын өткізу, бассейнге және кинотеатрларға бару қарастырылған.

Шағын аудандардың тұрғындарына және балаларға арналған шығармашылық шеберхана күн сайын жұмыс істейді.

Астана қаласындағы Халықаралық мамандандырылған «Экспо-2017» көрмесін қолдау мақсатында  маусым айынан бастап тамыз айына дейін аула және мини-футбол алаңдарында «Спорт қуаты - «Шахтер» стадионына саяхат» атты жоба іске асырылуда. 

Барлық балаларды және ата-аналарды біздің қаламыздың балалар-жасөспірімдер аула клубтарына шақырамыз!

Байланыс телефоны: 49 39 56.