• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жуйесі бойынша аударымдар мен жарналар үшін жаңа деректемелер

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару үшін төмендегі деректемелер мен ағымдағы шоттың ашылғандығын халықтың назарына ұсынамыз:

 

Атауы

Жаңа деректемелер

Бенефициар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Бенефициар банкі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Бенефициар БСК

БСК GCVPKZ2A

Бенефициар ЖСК

KZ92009MEDS368609103

Бенефициар БСН

БСН 160440007161

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды аударған кезде төмендегі төлем белгілеу кодтарын (ТБК) пайдалану қарастырылған:

121

МӘМС аударымдары

122

МӘМС жарналары

123

МӘМС аударымдарын уақытылы аудармағаны үшін өсімақы

124

МӘМС жарналарын уақытылы аудармағаны үшін өсімақы

 

     Бұдан басқа төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыру үшін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есепке алу» автоматтандырылған жүйесі пысықталды, ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ   www.gov4c.kz сайтында орналастырылған және оны тегін негізде орнатуға болады.

    Қалалық штаб МӘМС жуйесін енгізу бойынша ақпараттық- түсіндірме жұмыстарын әрі-қарай жалғастыруда.