• 4142 барлығы
  • 25 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қарағанды облысындағы "Көне Тараздан Асқақ Астанаға" атты этнографиялық керуен

20 мамыр «Көне Тараз» тарихи-археологиялық кешенінің құрамында артылған 25 түйе, 46 жылқы, керуен бастаушылары, 10 жүк көлігі, ұйымдастырушалар және шығармашылық кәсіптің өкілдерімен бірге 3 автобусы бар этномәдени керуен жолға шықты. Халықаралық мамандандырылған «EXPO-2017» көрмесіне келуші шетел қонақтарын Ұлы Жібек жолында орналасқан көненің көзі Тараз қаласының тарихымен таныстыру мақсатында «ҰлыЖібекжолы. КөнеТаразданасқақАстанағатарту» атты этномәдени керуені ұйымдастырылды. Астанаға жол тартқан мәдени керуеннің кезекті аялдамасы Қарағанды қаласы болды. Керуенді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Орталық саябақтың жағалауында өтті. Тұрғындарға тарихтың бөлшегі болуға мүмкіндік беретін қазақ халқының дәстүрі мен салты көрсетілді. Саябақ аумағында театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорт түрлері және мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.