• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Жазғы демалысыңды пайдамен өткіз!

Ағымдағы жылдың 17 шілдесі «Локомотив» жанындағы жазғы лагерь ашылды.  

«Шахтер» КМҚК ұйымдастырушыларымен 40 балаға арналған демалу орны және 5 мезгілдік тамақтану қарастырылған.   Он күн ішінде демалушылар «Дельфин» бассейніне бара алады және басқа да байқаулар, ойындар мен жарыстарға қатыса алады.    Сонымен қатар, бағдарламада жылқы зауытына барып атпен серуендеу, табиғи материалдардан жасалған қолөнер шығармашылық шеберхана жаттығуларына, хореографияға, вокалға қатысу қарастырылған. Ең белсенді балаларға үстел теннисі, аквагрим және твистинг үйірмелері ашылды. 2017 жылдың 25 шілдесінде «Локомотив» стадионында «ЭКСПО экваторы» атты батпырауық фестивалін өткізу жоспарлануда.