• 4077 барлығы
  • 29 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

9 тамызда Қарағанды қаласының әкімдігі, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ және «EurasiaBuilding» ЖШС арасында тұрғын үй құрылысын салу бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

9 тамызда Қарағанды қаласының әкімдігі, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ және «EurasiaBuilding» ЖШС арасында тұрғын үй құрылысын салу бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл Қарағанды қаласы үшін және «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі Акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары үшін маңызды шара болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы №922 қаулысына сәйкес, тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа механизмдерін біріктірген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекітілді.

Бағдарлама Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында дайындалып, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа әдістерін әзірлеуге бағытталған. 

Жалпы алғанда, жекеменшік инвестицияларды қамти отырып, Бағдарламаны жүзеге асыру құрылыс индустриясын дамытуға негіз болып саналады.

Бағдарламаның мақсаты – халыққа арналған тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру.

Бүгінгі шара тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру бөлігінде Елбасының тапсырмасын орындауға бағытталған.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров шараның маңыздылығын атап өтіп, қала үшін ерекше мәні бар мәселелерді шешуге белсенді қатысқаны үшін «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ басшылығына алғыс білдірді.

Қарағанды қаласында пилоттық жобаны іске қосу өңірімізде үлестік құрылыстың дамуына оң ықпал береді. Бұл басқа құрылыс салушылар үшін жақсы үлгі болып табылады және үлескерлердің қаржысын заңды негізде қатыстыра отырып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының өнімдері мен қызметтеріне қолжетімділік алуға мүмкіндік береді.