• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша Қарағанды қаласы тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі

10 тамыз күні «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ҚОФ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өткізілді.

Кездесуге «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының м.а. А.Ғ.Кубелекова және қызметкерлері, сонымен қатар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ҚОФ 25 қызметкері қатысты.

Осы іс-шара барысында Жолдауда қойылған міндеттердің маңыздылығы мен мәні талқыланды. Сондай-ақ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ҚОФ ұжымы Қарағанды қаласының 2017 жылғы 1 жарты жылдығының әлеуметтік – экономикалық даму қорытындыларымен, Қарағанды қаласының келешектегі даму жолында қойылған міндеттермен таныстырылды.