• 4077 барлығы
  • 29 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Қала жастары «Қазақтелеком» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясында саяхатта

Ағымдағы жылдың 11 тамызында Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы «Қазақтелеком» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясының Жастар ісі жөніндегі комитетімен бірлесе отырып «Жасыл ел» ЖЕЖ сарбаздарына және де жұмыспен қамтылмаған түлектерге арнайы экскурсия ұйымдастырды.

«Қазақтелеком» АҚ аумағындағы экскурсия қатысушылары техникалық тәлімгердің жетелеуімен оқу орталығын және техникалық полигонмен танысты. Сонымен қатар, аймақтық «Жастелеком» төрағасы Әбубәкіров Тимурдың және коммерциялық тәлімгердің сөз сөйлеуін тыңдады.

«Қазақмыс» корпорациясының экскурсия қатысушылары болса, кәсіпорынның қызметімен видеоролик арқылы танысты. Соған қоса, ғимараттағы кеңсе және қойма бөлімдеріне бас сұқты. Экскурсияны

«Қазақмыс» корпорациясындағы Жастар одағының төрағасы және Қарағанды қаласының Жастар одағының мүшесі Арман Бейсекеев жүргізді.

Аталған мекемелердегі экскурсия кәсіби айқындылық және жұмыспен қамтылуға ерекше мүмкіндік сыйлады. Қатысушылар танымдарын кеңейтіп, кәсіпорындар жұмысымен танысты.

Экскурсия ұйымдастырған кәсіпорындарға алғысымызды білдіреміз!