• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу мәселелерін түсіндіру бойынша Қарағанды қаласы тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі

        «Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ  Октябрь ауданы пробация қызметінің   қызметкерлері және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен терроризм мен  діни экстремизмнің алдын алу  мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өткізілді.

       Кездесуге  «Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ және «Қарағанды облысының  дін істер басқармасы» ММ қызметкерлері, «Нұрлы Білім» қоғамдық бірлестігінің теология маманы қатысты.

      Кездесу барысында дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер арасындағы айырмашылықтары туралы, деструктивті діни ағымдардың теріс әсері, қоғамда дәстүрлі конфессиялардың маңыздылығы жайлы мәселелер талқыланды, діни экстремизмнің алдын алу бойынша бейнероликтер  көрсетілді.