• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

"Астанаға Арқадан ән жыр базарлық"

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында Қарағанды облысының мәдениеті және өнері күні 9 қыркүйек еліміздің жүрегі – Астана қаласының екі алаңында Қарағанды қаласының ең үздік көркемөнерпаздар ұжымының қатысуымен  «Астанаға Арқадан ән жыр базарлық" атты концерттік бағдарлама өткізілді.

Аталған концерттік бағдарламаға қатысқан Чикаго консерваториясының джаз оркесторының жеке орындаушысы Ақжол Исинді, «Миредо» тобын, «Ревиваль» степ тобын, Азат Туранелді, Марат Бекишев пен «Ностальжи» тобын және тағы да басқа талантты әртістер мен бишілерді астаналықтар, қала қонақтары құшақ жая қарсы алды. 

Бұл күні Қарағандылықтар астананың тұрғындарына ұмытылмас көңіл-күй сыйлады.