• 4142 барлығы
  • 25 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы аясында мектептерді аралау

Қарағанды қаласының бес мектебі (№ 17, № 82 – Октябрь ауданы; № 23, № 66 и № 101 - Қазыбек би ауданы) Бүкіләлемдік қайта құру мен даму банкінің жалпы сомасы 317 млн. теңгені құрайтын грантын иеленген болатын. 

Қаражат «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша бөлінді. Байқауды Астана қаласында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ өткізді. Аталған мектептер энергоаудит қорытынды бойынша таңдалған болатын. Республика бойынша жеті гранттың бесуі Қарағанды қаласына бұйырды.

11.09.2017 жылы  «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ және Қазақстандағы Дүниежүзілік банк өкілдерінің қатысуымен аталған білім ұйымдарын аралау өткізілді. Нысандарда  шатыр жөндеу жұмыстары, жылу жүйесіне жылу реттегіш құрылғыларын және автоматты жылу пунктерді орнату жұмыстары, терезе, есік және жарықтандыру жүйелерін ауыстару жұмыстары, қасбеттегі жіктерді жылылау жұмыстары, колжуғыш крандарын сенсорлы крандарға ауыстыру жұмыстары жүргізілді.