• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

«Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 

         2017 жылдың 12 қазанында сағат 15.00-де «Премьер Отель» қонақ үйінің конференц залында Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» тақырыбына арналған ауқымды дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараның мақсаты - қазақ тілін латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшіру жобасы жайлы жұртшылықтың жан-жақты ақпарат алуын қамтамасыз ету.

         Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қарағанды «Болашақ» академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, қоғамдағы белсенді тұлғалар, болашақ филологтар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері («5 телеарна», «Бірінші Қарағанды») қатысқан ісшарада Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, лингвист ғалым, «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Бектұрсын Қалиев және «Болашақ» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Құрманғазы Сембиев, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Шара Мәжітаева өзекті тақырып бойынша кеңінен талдап, сұрақтарға жауап берді.