• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды құжаттандыру проблемалары қарастырылды

2017 жылдың 12 қазанында Қарағанды қаласы әкімдігі ғимаратында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю.Любарскаяның төрағалығымен «Тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ –нің мәселелері бойынша, осы әлеуметтік мекемеде тұратын адамдардың проблемаларына қатысты жиналыс өткізілді. Бұл кездесуде құзыретті органдар (көші-қон қызметі, АХАЖ, адам құқықтары жөніндегі бюро, Қарағанды қаласының ІІД, пробация қызметінің, денсаулық сақтау органдарының, қоғамдық бірлестіктерді) қатысты. Жиналыста тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу, адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін аса маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, басты проблемалар айтылып қана қоймай, тұрғылықты жері жоқ адамдарды құжаттандыруға байланысты мәселелер талданып, шешу жолдары айқындалды.

Кездесудің қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар берілді.