• 4213 барлығы
  • 38 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Ортодоксалдық православияның негізгі принциптері және діни төзімділік

2017 жылғы 12 қазанда Қарағанды қаласындағы №4 емханада діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама аясында және Медиа-жоспарына сәйкес, Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы мамандарының және дәстүрлі дін өкілдерінің қатысуымен №4 емхана қызметкерлеріне «Ортодоксалдық православияның негізгі принциптері және діни төзімділік» атты профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шара мақсаты мемлекеттік дамудың негізгі зайырлылық принциптерін түсіндіру; этносаралық келісімді, діни толеранттылықты және де конфессияаралық диалогты нығайту; деструктивті діни экстремизмнің алдын алу.

Баяндамашы лекторлар: Жанабаев Қаршыға Байбекұлы- «Виктория» орталығының дінтанушысы; Орыс православие шіркеуінің протойерейі Угольков Александр  Николаевич.

Кездесудің модераторы-Қарағанды қ. жастар ресурстық орталығының инспекторы Гимадиева Қарлығаш Жанарқызы.

Қазіргі дін атын жамылып жүрген кейбір бойжеткендер мен аналардың балаларына екпе салудан бас тартып дәрігерлерге сенімсіздік танытып жүргендердің алдын алу керектігі атап өтілді. Бұл жерде тікелей теолог, дінтанушылар емес, сонымен қоса дәрігерлердің көмегімен, ел қатарлы ем алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара жергілікті «1 Карағанды» телеарнасында жарық көрді.

Іс-шара барлығы 70 адамды қамтыды.

Кездесудің соңында дін мәселесіндегі сұрақтар туындаса Республикалық қауырт желі – 114 (87770000114) және 8(7212) 30-07-44 сенім телефоны мен террористік қатерлерге байланысты хабарламалар болса «110» номеріне   хабарласу керектігі ескертілді.