• 4299 барлығы
  • 23 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Ақпарат орталығы

Әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу

Қарағанды қаласы әкімдігі Теміртау қаласында өткен форумға қатысты.

2017 жылғы 10 қарашада Қарағанды облысының білім басқармасымен бірге «Теміртау қаласының SOS Балалар ауылы» негізінде «Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу мәселелері бойынша өзара іс-қимылы» тақырыбындағы ведомствоаралық форум өткізіледі.

Форумның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша проблемалық жағдайларды шешу жолдары, әлеуметтік қолдау шаралары туралы асырап алушы ата-аналарды, қамқоршыларды, тәлімгерлерді ақпараттандыру, форум қарарын әзірлеу және қабылдау, тәжірибе алмасу.

Форум аясында «Асырап алушы ата-аналарда эмоционалдық күю жағдайы» мастер-класстарын, «Кейс-менеджмент» технологиясын» және «Психологиялық жеңілдеу күні» тренингін өткізу, сондай-ақ заңгерлік және психологиялық мәселелер бойынша кеңес берілді.

Аталған форумда Қарағанды қаласының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы қатысты. Нұрғазы Б.Н.

Форум қорытындысы бойынша «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың үкіметтік емес секторлармен өзара әрекеттестігі» резолюциясы ұсынылды.